Байқау жеңімпаздары анықталды

Балалар жылына орай ерекше білім алуды қажет ететін балаларға қызмет көрсететін білім беру ұйымдары арасында «Менің жетістігімнің тарихы» облыстық онлайн байқауы қорытындыланды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ерекше білім алуды қажет ететін балалардың жетістіктерін насихаттауды мақсат тұтқан онлайн байқауға білім басқармасына қарасты арнайы білім беру, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жиырмадан астам оқушылары өз жұмыстарын ұсынған. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын Қазалы ауданы, №266 мектеп-лицейінің оқушысы Әуезов Мирас иеленсе, II орын Қызылорда қаласы, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы Қошанов Дамирға бұйырды. Шиелі ауданы, №252 мектеп – гимназиясының оқушысы Ғалымқызы Ғайни үшінші қатардан көрінді.

Сонымен қатар онлайн байқауда «Үздік әнші» номинациясын Шиелі ауданы №127 мектеп-лицейінің оқушысы Қалдыбай Алмасхан ие болса, «Үздік биші» номинациясын Қызылорда қаласы, №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп – интернатының оқушысы Мұратова Алина иеленді. Ал, «Үздік суретші» номинациясымен №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушысы Жұмаділова Аяулым марапатталды. Жеңімпаз болып танылған оқушылар облыстық білім басқармасының арнайы алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық байқауға қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар да табысталған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий