Ақмола облысының үздік түлектеріне “Алтын белгі” төсбелгілері табысталды

«Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Алтын белгі» иегерлеріне құрмет көрсетілді. Балалар жылы аясында өңір басшысының қолынан 270 ақылды, өз мақсатына ұмтылған, талантты ақмолалық оқушы төсбелгі мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл балалар барлық оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жоғары білімін, біліктілік деңгейін көрсетті, жыл сайын облыс мектептерінің намысын пәндік олимпиадаларда, конкурстарда және зияткерлік турнирлерде қорғады. Өз сөзінде Ермек Маржықпаев алтын белгі иегерлерін мектепті табысты аяқтауымен құттықтады. Өңір басшысы жас түлектердің Жаңа қазақстанды құруға қадам басқалы тұрған алғашқы түлектер екенін айта келе, оларға зор сенімін білдірді.

Сонымен қатар, жас түлектердің бүгінгі жетістігі білікті ұстаздар мен жауапкершілігі мол ата-аналардың ортақ жемісі екенін атап өтті. – Алдағы жоспарларың мен армандарыңның орындалуына шын ниетпен тілектестік білдіремін! Игі істер мен әр бастамаларыңа сәттілік серік болсын!, – деді аймақ басшысы. Облыс әкімі мұғалімдер мен ата-аналарға да мектеп өмірінде балаларды қолдағаны, еңбегі үшін алғысын білдірді.

Ата-аналар атынан Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беру мектебінің түлегі Жанель Акатованың әкесі Ирлан Акатов алғыс білдірді. Іс-шара барысында түлектер де ұстаздары мен ата-аналарына алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін жолдады. Дарынды балалардың білім алуына, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасағаны үшін өңір басшылығына да ризашылықтарын аямады.

Шара соңында Ермек Боранбайұлы барлық түлектерді, ата-аналарды және қонақтарды естелік фотоға шақырды. Айта кетейік, биыл облыста 4617 түлек мектеп бітірді, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері – 270.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий