Орал қаласы: мектептердің желілік қауымдастықтары тәжірибелерімен бөлісті

Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның қатысуымен «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» тақырыбында 2021-2022 оқу жылын қорытындылау бойынша  қала мектептері директорларының жиыны өтті. Жиында оқу жылы бойынша желілік қауымдастықтардың атқарған жұмыстары сараланды, – деп хабарлайды Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

Орал қаласы бойынша жалпы білім беретін 50 мектеп 7 желілік қауымдастыққа біріктірілген. Жиынды жүргізген қалалық білім беру бөлімінің башысы Ақжарқын Темірханова мектептерді қауымдастықтарға біріктірудің маңыздылығын атап, командалық жұмыс мәселелерді шешудің тиімді жолдарын бірлесе анықтау, қауымдастық аясында тренингтер, семинарлар, іс-шаралар жүзеге асыруда тақырыпты жан-жақты қамтуға оң әсерін тигізгенін мәлім етті.

Сәйкесінше, желілік қауымдастықтардың аясында қолға алынған жобалар, жаңа идея, оқытуда соны тәсілдер мен тиміді әдістерді қолданулары туралы әр қауымдастық өз тәжірибелерін ортаға салды. А.Байтұрсынұлы атындағы №10, №19, №22, №26, Х.Доспанова атындағы №30, №40, №43 мектептерді біріктірген «Зерде» ЖҚ-ның тәжірибесі бойынша №19 ЖОББМ директоры Алтын Жұмағалиева «Әдістемелік және әлеуметтік жобалар арқылы мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін жетілдіру» тақырыбында презентация жасады.  

«Болашақ» желілік қауымдастығына №16, 5, 12, 21, 32, 39 мектептер және Эстетикалық бағыттағы  гимназия біріктірілген. Қауымдастықтың тәжірибесіндегі «Модель сообщества», «Формирование функциональной грамотности», «Инклюзивное обучение», «Экошкола»  жобалары туралы №16 ЖОББМ директоры Мария Кабакова, №12 ЖОББМ директоры Куляш Хайранова, №5 ЖОББМ директоры Асем Бакытжанова, №21 ЖОББМ Лаура Шаркубенова таныстырды.

«Ұлағат» ЖҚ-ның аясындағы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия және №37, №4, №33, 49, 50, Серебряков ЖОББМ тәжірибесімен «Жобалау технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субъекті бола білуі» тақырбымен №37 ЖОББМ директоры Тамара Мурадимова мен Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия директоры Бибигуль Тлекенова бөлісті.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі – оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру. Бұл бағытта №3, 6, 13, 24, 25, 45 орта мектептерінің «Содружество» желілік қауымдастығы шеңберіндегі жүргізген жобаларының тиімділігі туралы №3 ЖОББМ Любовь Юшина баяндап берді. №1, №20, №47, №48, М.Ықсанов атындағы №36 орта мектептер мен М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицей, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі біріккен «Бастау» ЖҚ-ның ұтымды жобаларын  Ә.Молдағұлова  атындағы  «38 мектеп-лицейінің директоры Шынар Сагынгалиева, №49 ЖОББМ директоры Артур Мусагалиев «Функционалдық сауаттылық – заманауи білім негізі» тақырыбы бойынша ұсынды.

«Заңғар» ЖҚ-ның А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия, №41 мектеп-лицей, №42 «Ақ ниет» гимнзиясы, №46, №14, Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ және №29 НМ жобалары бойынша «Тиімді жобалар арқылы  оқушы құзыреттілігі мен азаматтық позицияларын қалыптастыру» тақырыбында  №42 МГ директоры Ерік Темірғалиев оқушы әрекетін оқыту процесінің кілтіне  айналдырудағы нәтижелі жұмыстарға тоқталды.  

«Профессиональный диалог» қауымдастығына енетін №35 мектеп-лицей, Вальдороф бағытындағы мектеп-гимназия, №28 мектеп-лицей, №7, №9, №23, №17 және Круглоозерный мектептерінің білім, спорт, шығармашылық бағыттар  бойынша дарынды оқушыларды анықтау, қолдау, сүйемелдеу бойынша қойылған мақсатқа сай атқарылған жұмыстарының нәтижесімен қауымдастық менеджері – №35 мектеп-лицей  директоры Леонид Черыкаев бөлісті. Жиынды облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева қорытындылап, қауымдастық аясындағы жұмыстарды дамыту, зерделенген тиімді тәжірибелерді таратуды ұсынды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий