“Қазақ ауылы”: қостанайлық оқушылар этно жобаға қатысты

Амангелді аудандық білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебінде оқушылар жазғы демалысын «Қазақ ауылы» жобасы аясында қызықты ұйымдастыра білді. Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын үйрету мақсатында өткен шараға «Үндестік» жобасы аясында ата-аналар да қатысты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара «Қымызмұрындық» мерекесінен бастау алды. Ата –аналар оқушыларға бие байлау, қымыз баптау әдістері бойынша шеберлік сынып көрсетті. Шара қатынасушылары Баймұханов Сәбит, Мырзекеев Дүйсенбек, Князов Болат, Тоқмағанбетов Бауыржан, Рахметов Роман, Әміров Асылан, Искаков Салауат Қабжәлелұлының отбасы дайындаған қымыздан дәм татып,«Бауырсақ parti» акциясы бойынша ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.

Бұдан әрі іс-шара қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Алтыбақан басына жиналған оқушылар халық әндерін орындап, алтыбақан айналасын думанға бөледі. Қазақ күресінен шаршы алаңға шыққан балалардың да дайындығы осал болмады. Өзара күресіп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Ошақ басында жүрген ұстаздар оқушыларға бауырсақ пісіру, ұлттық тағам түрлерін дайындау, ет асу әдістерін үйретті.

Құрылған киіз үйде оқушылар үшін дайын болған тағамдардардан дәм тартылып, табақ тарту салты жөнінде ақпараттар берілді. Құмкешу мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен жоба оқушылар үшін тәлімі жоғары, берер өнегесі мол, тағылымды шара болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий