Шеберлікті арттырудың мүмкіндіктері

География пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп базасында «География пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Басты мақсаты – география пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибе алмасуға бағытталған болатын. Семинар жұмысының бірінші бөліміде алты ашық сабақтар жүргізіліп, басқосуда тәлімгер мен тәлім алушылардың және шебер ұстаздардың бірлескен жұмысы көрсетілген соң аудан мұғалімдері арасында кері байланыс орнатылды.

«География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері», «Табысты сабақ кепілі-тиімді платформалар» тақырыбы бойынша тжірибелік алаңда шебер-сынып пен таныстырылым көрсетілді. Жүздесу шеңберінде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғалымжан Диханбаев педагогтермен ой бөлісіп, Іле, Жамбыл, Талғар аудандары, Қонаев қаласының ұстаздары семинардың тиімді тұстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий