Ауылдық мектептердің ахуалы

Шаһар басшысы Бақытжан Байахметов халықпен кездесулері барысында ауылдағы білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігімен танысып, шешімін күткен маңызды мәселелерінің оңтайлы реттелуіне жергілікті атқарушы биліктің тарапынан қаржылық қолдау көрсетілуімен қатар кәсіпкерлердің көмегі жұмылдырылатындығын жеткізді, – деп хабарлайды Абай облысының орталығы Семей қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Түрксіб орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, (жылыту қазандықтары, ішкі дәретханалар жүйесі) және қазандықтың түтін мұржасы ауыстырылған. Елу балаға арналған жарты күндік шағын орталықтың 2 тобы жұмыс істейді.

– Мұқыр ауылының тұрғындары өткен кездесуде балабақша салу мәселесін қарастыруды сұраған еді. Қазіргі кезде осы ұсыныс зерделеніп, инвестор іздестірілуде. Біз үшін ауыл жастары мен балаларына сапалы білім берудің маңызы зор. Ақбұлақ жалпы орта білім беретін мектепке осы мақсатта физика кабинетін сатып алу бойынша жасалған шарттың негізінде, 5,6 миллион теңгені құрайтын арнайы жабдықтар мамыр айында жеткізілді, – деді Бақытжан Кәкенқажыұлы.

– Таңат ауылы мен тағы екі елді мекеннен балаларды мектепке жеткізу үшін автобус сұраған еді. Осы мақсаттарға бюджетте УАЗ автокөлігін сатып алуға шамамен 10 миллион теңге жоспарланған. Халқы аз шалғай ауылдағы біраз мектептерге балаларды тасымалдау үшін газель көлігі қажеттілігіне көзіміз жетті. Бұл мәселе облыстық бюджеттің құзыретінде. Абай өңірі жаңадан енді ғана құрылып, ұйымдастыру шаралары тиянақталуда. Сондықтан алдағы уақытта бұл сұрақтар аймақ басшысының араласуымен нақты шешімін табарына сенімдімін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий