Үкімет басшысының сапары

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өткен аптадағы Алматыға жұмыс сапары аясында қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты. Үкімет басшысы сондай-ақ «Жас маман» жобасы бойынша түрлі оқу-өндірістік шеберханалармен жабдықталған Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне барды, – деп хабарлайды ел Үкіметінің баспасөз қызметі.

Президенттің тапсырмасымен елімізде кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Бұл колледж – қаланың жетекші оқу орындарының бірі. Мұнда жастар автослесарь, электромонтер, токарь, дәнекерлеуші және қазіргі таңда сұранысы жоғары басқа да мамандықтарды меңгереді. Қала әкімдігі қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет, — деді Әлихан Асханұлы.

Премьер-Министр студенттердің СББ станоктарында токарлық, фрезерлік жұмыстар, автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету бойынша Worldskills қалалық және республикалық чемпионаттарындағы жеңісі колледждің сөзсіз жетістігі екенін айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий