Жас түлектер марапатталды

Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алдында) «Жас түлек-2022» атты мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы қаласындағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Салтанатты іс-шараға құрметті қонақтар ретінде алғашқы мегаполистің әкімі Ерболат Досаев, әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің директорлар Кеңесінің төрайымы Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева, еңбек ардагерлері, мектептердің үздік педагогтары қатысқан болатын.

Бұл басқосуды халықаралық байқаулардың жүлдегері «Бозторғай» вокалдық тобының әншілері «Қазақстаным» әнін орындаумен ашты. Шаһар жетекшісі Ерболат Асқарбекұлы түлектерді жылы құттықтап, алға қойған мақсаттарға және жаңа жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдірді. Одан кейін қала әкімі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарына «Алтын белгі» белгісін табыстады.

Марапаттау рәсімін әкімнің орынбасары Әсем Бекқызы мен отандық педагогика саласының құрметті ардагері Аягүл Төреқызы жалғастырды. Жүздесу барысында Қазақ ұлттық опера және балет театрының талантты вокалистердің музыкалық орындауында түлектер вальс билеген соң бұл шара мерекелік салютпен аяқталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий