Қаланың үздік әдіскері

Жергілікті білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жетекшісі Гүлнар Құлназарқызы Ильясова мен кеншілер өлкесінің бас ұстазы Берік Базылұлы Ақышбеков  әлеуметтік әріптестік аясында облыстық «2022 жылдың үздік әдіскері» байқауының қалалық кезеңінде бақ сынасқан әдіскерлерді қабылдады, – деп хабарлайды Ұлытау облысындағы Сәтбаев қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, тарату және әдіскерлердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, ынталандыруды мақсат еткен қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Дана Ерманқызы Қарабекова озып шықты. Зерттеушілік ізденісі мен іскерлігін көрсете білген ол сәтбайлық психологтардың көшбасшысы. Сондай-ақ, кәсіподақтың белді мүшесі.

Байқауға қатысуға ниет білдірген өзге әдіскерлер де ұйымдастырушылар тарапынан ескерусіз қалмады. Жинақталған партфолионы негізге алған қазылар алқасының шешімімен түрлі аталымдар тағайындалып, Айгүл Бахтаева «Өз ісінің майталманы», Қымбат Жасарова «Әдіскер-менеджер», Эльмира Макишева «Тәжірибелі әдіскер», Айгүл Жүнісова “Әдіскер-тәлімгер”, Гүлшат Байтоқанова «Жаңашыл әдіскер», Толғанай Сейпишова «Креативті әдіскер», Айсұлу ШАКИНА «Ізденімпаз әдіскер» атанды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий