Министр халыққа есеп берді

ҚР Оқу-ағарту министрі Торайғыров университетінде Павлодар халқымен кездесті. Асхат Аймағамбетов жұртшылықпен жүздесуінде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне баса назар аударды. Қазақстандық балабақшаларда жаңа модель енгізілуде – балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.

– Орта білім – маңызды деңгей. Өткен жылы елімізде 277 жаңа мектеп салынды. Бала саны артқандықтан, бұл аздық етті. Жоспар бойынша 2025 жылға қарай кем дегенде бір миллион оқушы орны ашылады. Сонымен қатар, біз мектептерде тілдерді біртіндеп енгізуді көздейміз. Мемлекеттік тілдегі мектептер үшін бірінші сыныпта қазақ тілі қосылады, екінші сыныпта орыс, ал үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады, – деді Асхат Қанатұлы.

Дебаттық қозғалыс және “Оқитын мектеп” – салалық ведомства жетекшісі бұл жобалардың келер ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын айрықша атап айтты. Кездесудің екінші бөлігінде министр тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар қауымы нөлінші сыныптар, отбасылық білімді заңдастыру, ерекше балаларды оқыту туралы сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, “Алтын белгі” мәртебесін растау, халықаралық олимпиадалардың пайдасы, турникеттерді алып тастау бойынша маңызды мәселелер да талқыланған еді.

– Турникеттер мәселесі бойынша  құзырлы органдар, мәселен, төтенше жағдайлар бойынша жауапты мекемелер бұл құралдар эвакуация кезінде қауіпті десе айналысамыз. Әзірге мұндай ақпарат жоқ, – деді екі сағатқа созылған халыққа есеп беруі кезінде Асхат Аймағамбетов. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий