Ұлттық ойындар арқылы білім алушылардың дене тәрбиесі сабағына қызығушылығын арттыру, рухани білімдерін кеңейту

Білім беру жүйесінде дене шынықтыру білімалушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.  Осы ретте, ата-бабаларымыз айтқан «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсан, шымыр боларсың» деген сөздері тегін емес. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Адам неге спортпен шұғылдану керек? Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор.

Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.

Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге мұра болған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. “Өзін өзі тану” Адамның үйлесімді даму гуманитарлық  колледжінде дене тәрбиесі сабағында «көкпар», «арқан тартыс», «тоғызқұмалақ» сынды ұлттық ойындар ойнатылып білім алушыларға жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік, күш дағдыларын қалыптастыру іске асырылады әрі денелерін шынықтырып қана қоймай рухани білімдерін кеңейтеді.

Колледж білімалушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан-спорттық ұлт» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылып білімалушылар  «Тоғызқұмалақ», «асық ату»  ойындарымен бақ сынасты. Ұлттық ойындар- жас ұрпақты имандылыққа, бірлікке, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуда баға жетпес құрал болып табылады. Ойын барысында  ұлтқа деген сүйіспеншілікке баулып,асыл құндылықтарды бойына сіңіреді.

Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын.  Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!

Дәулен Есімжанұлы МҰҚАН, 
“Өзін-өзі тану” Адамның үйлесімді дамуы

гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі
пәнінің оқытушысы, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий