Музыка пәні арқылы балаларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеу

Бүгінгі таңда ұрпаққа әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – педагог алдындағы үлкен міндет. Адамзат тарихында ерте заманнан-ақ құндылықтардың қалыптасуы ойшылдар мен ғұламалардың назарында болған. Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады.

Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық мідеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.

Музыка жетекшісі ретінде бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде олардың бойына ұлттық адамгершілік, сыпайылық, имандылық қасиеттерін ән арқылы қалыптастыруға тырысамын. Шығармашылық саласы бойынша музыка оқу қызметі ән тыңдау, ән айту, әуенді қимыл қозғалыс, ойындар, аспапта ойнау бөлімдерінен тұрады.

Осы бөлімдердегі бүлдіршінге үйретілетін барлық әндердің өзі мәдени құндылықтарға тәрбиелейді. Балаға мейірлене қарап, үйрететін әніңді, оның сөздерін түсінікті, баланың өрісі жететін деңгейде жеткізе білсең бала да оны мейіріммен, қызығушылықпен қабылдайды. Бала өзінің айналасындағы достарына да мейірім сыйлап тұрады. Мысалы, ән тыңдау бөлімінде «Бесік жырын» алайықшы. Әдемі әуенді тыңдату арқылы біз сәбилерді ұлттық құндылықтарға тәрбиелеп отырмыз.

Әлди,әлди бөбегім
Әлдилейді өлеңім.
Әлдилетіп ән салсам
Сені жақсы көремін,
Ұйықтай қойшы бөбегім.. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Ол-тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, сүйіспеншілік сынды қасиеттер жатады.  Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.

Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: жас ұрпақ ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу.

Олардың бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс.

Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтары қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлттық ққндылық қазақ патриотизм ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамидарды сүйе білу қажетілі болып табылады.

Бүгінгі күнде жас ұрпақты әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын тәлімгерлерміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.  

А. ТОКАНОВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО  «Өзін – өзі тану»
балабақшасының музыка жетекшіс

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий