Жетпістен астам мектепте оқушыларға домбыра аспабында ойнау дәрісі енгізілген

Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған қос ішекті, көп қырлы музыкалық аспабы. Бұл – қазақ өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш рет эпикалық дәстүр аясында өлең, толғау, термені сүйемелдеу үшін пайдаланылған домбыра аспаптық шығарма-күйдің жанрын қалыптастыруға септігін тигізді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта домбыра жеке әндерді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада классикалық шығармаларды орындауға пайдаланылатын мүмкіндіктердің кең спектрлі музыкалық аспап болып табылады. 2021-2022 оқу жылында музыка пәні аясында Ақмола облысының 70-тен аса мектебінде домбырада ойнауға оқыту енгізілді, яғни 6-сыныптың 1500-ден аса оқушысы домбырамен шұғылданды.

Бұл курсты енгізуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Президент өскелең ұрпақ дәстүрді лайықты жалғастыруы тиіс деп санайды және бұл сабақтар балалардың ұлттық сана-сезімін нығайтуға, олардың дүниетанымын кеңейтуге және мәдени деңгейін арттыруға оң әсер ететініне сенім білдірді. Білім алушылар домбырада ойнауды үйреніп қана қоймай, сонымен қатар халық композиторларының шығармашылығымен, қазақ музыкасының тарихымен, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және тағы да басқа тұлғаларымыз салып кеткен дәстүрлермен танысты.

Музыка пәнінде домбырамен шұғылданған ақмолалық оқушылар оқу жылы барысында домбырадан өткізілген «Қасиетті домбыра», «Домбыра –дастан, добрыра ¬ күй» атты облыстық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий