“Алтын сақа” студенттік қуыршақ театры ашылды

Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің қабырғасында құрылған “Алтын сақа” студенттік қуыршақ театрының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға театр саласының майталмандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Ашылу салтанатында «Театр ұжымының жетекшісі» мамандығының 1 курс студенттері «Сиқырлы қоян» атты орыс халық ертегісінің премьерасын сахналады, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Театр ашудағы негізгі мақсат кішкентай көрермендерді қуыршақ театры өнері арқылы мейрімділікке, махаббатқа, рухани жан дүниесі бай тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі Көкшетау қаласына ғана емес күллі облыстың рухани һәм мәдени тынысына айырықша үлес қосып келе жатқаны анық. Қара шаңырақ колледж қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер мәдениет саласының әр қиырында қажырлы еңбек етіп келеді.

Қаншама дарындар мен таланттардың танылуына, қоғамның бір кірпіші болып қалануына жол ашып, өнерлі өрендердің өрістеуіне жол ашқындығы әмбеге аян. – Базалық білім мен қоса өндірістік тәжірибенің тәлімгерлерге берері мол екенін ескерген Ақан сері колледжі жан-жақты дамыған, сапалы әрі саналы маман тәрбиелеуде тың жобаларды жарыққа шығарудан еш тартынған емес, – дейді колледж әкімшілігі.

Қуыршақ театрының ашылу салтанатына орай БАҚ өкілдерінің және театр саласы қызметкерлерінің қатысуымен пресс-конференция өтті. Мәдениет саласының меймандары жаңа театрға ағалық ақ батасын берді. Колледж ұжымы қойылым режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәріп Ұзақов және жаңа театрдың жетекшісі әрі ұйымдастырушы Нұрислам Әбділге зор алғысын білдіріп, “Алтын сақа” студенттік қуыршақ театрына толағай табыстар тіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий