Қоғамға қызмет ету – бұл айрықша миссия

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 10 жылдан бері қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында медиа-марафон ұйымдастырылды. Жас еріктілердің жұмысын Жетісу өңірінің БАҚ өкілдері тамашалады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Медиа-марафон үйсіз қалған жануарларға арналған үйшік салу шеберлік сағатынан басталды. Одан әрі бағыт «Айналайын» ​​балалар үйінің жазғы лагеріне және облыстық мамандандырылған «Балалар үйіне» сапарымен жалғасты.

«Айналайын» ​​балалар үйі, Оңалту орталығы, нашар еститін және саңырау балаларға арналған мектеп-интернаты, М.Мәметова атындағы ауылдық мектеп, зоок клуб, «Аналар үйі», «Ардагерлер үйі», «Біргеміз білім» волонтерлік ұйымы – әр Талдықорңвн қаласындағы Назарбаев Зияткерлік оқушының күнделігіндегі апталық кесте.

– Оқушыларымызға келген кезде біз математика, ағылшын және қазақ тілдерін үйрену сабақтарын өткіземіз, танымдық сайыстар, викториналар, ашық ауада ойындар ұйымдастырамыз. Осының бәрі маған үлкен қуаныш сыйлайды, ең бастысы, мен өз мемлекетімнің азаматы екенімді және өмір бойы қоғамға өз үлесімді қосуым керек екенін түсінемін, оқушы ретінде жауапкершілікті сезінемін, – дейді 10-сынып оқушысы Айғаным Тынысхан.

Сонымен қатар қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобалар түрлі игі шаралар түрінде жүзеге асуда. Олардың бірі «Мектепке жол», «Досыңа кітап сыйла», «Ардагерді құттықта».  – Әлеуметтік жобалар мектебіміздің маңызды бағыттың бірі екенін айта кеткен жөн. Оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымы бар, олар өз аймағының өмірі мен мәселелерін біледі. Отансүйгіштік, жалпыадамзаттық құндылықтарға деген адалдық әр сабақта бойларына сіңіріліп, жалпы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырады, – дейді оқытушы-куратор-ұйымдастырушы Жанар Оразбаева.

Медиа-марафон дөңгелек үстелде жалғасып, ынтымақтастық перспективалар талқыланды. Өз кезегінде мектеп директоры Виктор Сосин республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне белсенді және жемісті жұмыстары үшін алғысын білдірді.

– Барша БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біз еліміздегі ең өзекті де маңызды оқиғалардан хабардар болып, қуанышты да, қайғылы да оқиғаларды бастан кешіріп жатырмыз. Бүгін мектебіміздің маңызды бағыттарының бірі қоғамдық қызмет ету жобаларымен таныса алғандарыңызға қуаныштымын. Өйткені, қызмет ету – күнделікті орындайтын айрықша миссия, – деді мектеп директоры Виктор Сосин алғыс сөзінде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий