Қостанайлық оқушылар есірткіге қарсы

Аймақтың барлық мектептері мен колледждерінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықты өткізудің медиа-жоспары шеңберінде ауқымды іс-шаралар өткізілді. 37465 оқушы мен 21500 студент «Жастар есірткіге қарсы» флешмобына, есірткінің зияны туралы Бірыңғай ақпараттық сағатқа, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» асфальтта сурет салу байқауына белсенді қатысты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Есірткіге қарсы мазмұндағы буклеттер, брошюралар тарату бойынша «Сенің таңдауың» үгіт акциясы өткізілді, бейнероликтер көрсетілді. Білім беру мекемелеріндегі есірткіге қарсы профилактикалық жұмыс жеке, отбасылық және әлеуметтік өзара іс-қимыл кезінде (мектеп, қоғам) кешенді жүзеге асырылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий