Қостанай облысының дарынды 60 ауыл оқушысы IQanat республикалық оқушылар слетіне қатысуда

Нұр-Сұлтан қаласында «IQanat» республикалық олимпиадасының ақтық сыны басталды. Оған Қазақстанның ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары саналатын 752 бала қатысады. 21-25 маусым аралығында балаларды қызықты бағдарлама күтіп тұр. Олимпиададан басқа олар ынталандыру кездесулеріне, оқыту тренингтері мен танымдық саяхаттарға қатысады. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде аудандық және облыстық деңгейлерде іріктеуден өткен өз мектептерінің үздік өкілдері кездеседі.

Биылғы оқу жылында олимпиадаға 36 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысты. Екінші кезеңге 7,6 мың бала, ал ақтық мәреге – 752 бала өтті. Қостанай облысынан финалға дарынды 60 ауыл оқушысы қатысуда. Үшінші республикалық кезеңде олимпиада қатысушылары негізгі пәндер (математика, физика, биология, химия, тарих, география) және ағылшын тілі бойынша тест тапсырады. Тестте жеңіл түрінен күрделіге дейін үш деңгейдегі сұрақтар қарастырылған. Тестілеу нәтижесі бойынша 100 жеңімпаз IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында оқуға шақыру алады.

– Биыл біз «Үздік мектеп» аталымын енгіздік – онда IQanat-қа балалардың ең көп саны түскен мектеп марапатталады. Жалпы, соңғы үш жылда біздің олимпиадаға қатысуға ниет білдірген балалардың саны айтарлықтай өскенін атап өткім келеді, – деді «IQanat» білім беру қорының атқарушы директоры Камила Башарова. Слет барысында ауыл мектептерінің балаларын беделді тұлғалармен жүздеспек.

Олар үшін биік белестерге шабыттандыратын ерік-жігерді ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, «IQANAT білім беру қоры» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, қордың қамқоршысы және кәсіпкер Тимур Турлов, танымал продюсер және «Asar-ume» қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров тарту етеді деп көзделіп отыр. Соңғы күні жеткіншектер EXPO аумағында Балалар жылына арналған ауқымды флешмоб өткізеді.

– IQanat слеті игі дәстүрге айналуда. Бұдан тыс, ол ауыл балаларын керемет ынталандыратын алаң. Осы бірнеше күнде олар айрықша тәжірибе жинайды, танымал адамдармен кездеседі, жаңа дағдылар мен достар табады. Слет балаларды қуаттандыратынына, оларға өзіне деген сенімділік пен жаңа жетістіктерге ұмтылуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз, – дейді Камила Башарова.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 24 маусымда ЭКСПО конгресс-орталығында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Шараға ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, қордың Қамқоршылары, ірі компаниялардың басшылары, елшіліктер мен ірі ұлттық университеттердің өкілдері шақырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий