Министрлік бірқатар өңірде 28 миллиард теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді

ҚР Оқу-ағарту вице-министр Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктеме берді. Маусым айының бастап әкімдіктер педагогерге 246 миллиард теңге көлемінде еңбек демалысының ақыларын толық төленген. Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Мұның басты себебі – қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр. Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз. Мәселе министрліктің бақылауында тұр. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий