Асхат Аймағамбетов ақмолалық педагогтермен және ата-аналармен кездесті

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – өңір жұртшылығымен кездесіп, білім беру саласындағы жаңашылдықтармен бөлісу, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірге сапары барысында Асхат Қанатұлы алдымен «Воlаshаq saraiy» балалар және жасөспірімдер сарайында өңірдің педагогтарымен кездесті. Ашық форматта өткен есептік кездесуге облыс педагогтері, ата-аналар қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Асхат Қанатұлы өзекті мәселелерге тоқталды. Келесі оқу жылындағы өзгерістер, мектеп асханаларындағы ас мәзірі туралы айта келе, мектепке дейінгі білім берудегі талаптарды күшейту мәселесіне аса назар аударды. Еркін микрофон кезінде жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Оқу-ағарту министрі қойылған барлық сұрақтарға түсіндірме берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий