WorldSkills – үздіктерді анықтайтын жаһандық жоба

Теміртау жоғары политехникалық колледжінде WorldSkills Karaganda 2022 аймақтық чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей: «Ел болашағы – бәсекеге қабілетті жастардың қолында». Осыған байланысты WorldSkills қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды танымал ету және жастарды кәсіби жетістіктерге жетуге ынталандыру екенін атап өткім келеді. Сондықтан чемпионатты «Жас кәсіпқойлар байқауы» деп атайтыны бекер емес.

Биыл колледж алғаш рет «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионаттың, сондай-ақ, «Зертханалық және химиялық талдау»  презентациялық алаңының жұмысын ұйымдастырды. Чемпионаттың салтанатты ашылуына арнайы қонақтар шақырылды. «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионаттың алғашқы күнінде қатысушыларды тіркеу, ТҚ және ЕҚ бойынша нұсқаулық беру, жұмыс орнымен таныстыру және тағы да басқа жұмыстар жүргізілді.

Келесі күндері модульдер бойынша конкурстық тапсырмалар орындалды. Чемпионаттың соңғы күнінде модуль нәтижелері CIS базасына барлық сарапшылардың қатысуымен енгізілді, сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі қорытындыланып, келесі жылғы конкурстық тапсырмалар талқыланды. Колледж базасында «Зертханалық және химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша презентациялық алаңның жұмысы өтті. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты «Зертханалық технология» мамандығының беделін арттыру және үздік химик-студенттерді анықтау, сондай-ақ болашақ маманның құзыреттілігін дамыту, техникалық мамандықтардың практикалық дағдылары мен имиджін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

Қатысушы конкурстық тапсырмаларды өз бетінше орындап, осы құзыреттілік бойынша өзінің барлық дағдылары мен қабілеттерін көрсетті. Талдаудың химиялық және аспаптық әдістерін (фотоколориметрдегі темір құрамын фотометриялық анықтау, суды комплексометриялық әдіспен талдау және тағы да басқа) қолдана отырып талдаулар жүргізді, нәтижелерді өңдеді және графиктер салды. Аталған іс-шара алдағы уақытта WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл құзыреттілік бойынша презентациялық алаң жұмысы Қарағанды облысында алғаш рет өткізіледі. WorldSkills бағыты студенттерге өздерін және кәсіби дағдыларын көрсетуге жақсы мүмкіндік береді. WorldSkills-бұл кәсіби даму мен өсуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар, өз кезегінде, мемлекетіміздің тұрақты болашағына сенімділік беретін жас мамандар арасындағы беделді жарыс. Сайысқа екі құзіреттілік бойынша 6 білім алушы бақ сынады.

«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша: Долгих Р.П. («Қарағанды таукен-индустриалдық колледжі», сарапшы: Босиков А.Г.), Таймурзин С.А.(«Абай көпсалалы колледжі», сарапшы: Рахманбердиев П.Т.), Әскербек С.Д. («Қарағанды техника-құрылыс колледжі», ), Бүлкен Ж.М. («Қарағанды теміржол колледжі», сарапшы: Ғапбас Ә.Ғ.), Брунер Р. («Теміртау жоғары политехникалық колледжі».

Сарапшылар: Шагирова Г.К., Асанова Б.С.) және «Зертханалық және химиялық талдау» құзіреттілігі бойынша презентациялық алаңда Цопкало А.А. («Теміртау жоғары политехникалық колледжі», сарапшы: Кузьмич Е.С.) қатысты. Сайыстың салтанатты жабылуы кезеңінде барлық қатысушылар мен сарапшыларға, сондай-ақ, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша аймақтық WorldSkills Karaganda 2022 чемпионатының бас сарапшысы Р.К.Алтайбаевқа Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының атынан Алғыс хат табысталды.

Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша кешенді жұмыс кәсіби білім берудің өзекті әлемдік трендтерін зерделеуді ескере отырып, кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін бәсекеге қабілетті деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. WorldSkills – өскелең ұрпақтың бойында кәсіби дағдыларды ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға септігін тигізеді.

Акбота Анарбековна АКЖАНОВА,
Теміртау жоғары политехникалық колледжі
директорының оқу-ісі бойынша орынбасары,
Эльмира Саулехановна НУРМАГАНБЕТОВА,
Теміртау жоғары политехникалық колледжі
директорының оқу-әдістемелік жұмыстар
бойынша орынбасары, Қарағанды облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий