Журналистердің армандары NIS-те орындалады

 
«Хабар» телеарнасының редакторы Дина Алланазарова, «Elorda Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары Қанат Әуесбай, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің экономика бөлімі редакторы Қымбат Тоқтамұрат қыш станогына алғаш рет отырды. КТК телеарнасының елордадағы бюро тілшісі Гүлбағда Көбеева мен «Астана» телеарнасынан Жайна Алтынбек алғаш рет домбыра аспабын қолдарына алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Ал «Qazaqstan» телеарнасындағы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының жүргізушісі Дастан Мүрсәлім мен республикалық «Білімді ел» газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанова алғаш рет ағаш бөлшектерінен киелі бесік құрастырды. Барлық Зияткерлік мектептерде алғаш рет өтіп жатқан республикалық медиа-марафонда БАҚ өкілдерінің армандары орындалды. Кәсіби мереке қарсаңында журналистер NIS-ке редакциялық тапсырмамен емес, мейрамды тойлауға келді.
Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдерін физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп директоры Мейрам Жәкенов құттықтап, NIS ұстаздары елордалық журналистер үшін бірнеше шеберлік cабақтар өткізді. Домбыра бойынша шеберлік сабақ Зияткерлік мектептердің танымал «Қазақтың 100 күйі» жобасы аясында ұйымдастырылады, журналистерден құрылған оркестрді қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған басқарды, ол мамыр айында Гиннесс рекордтар кітабына дирижерлік еткен болатын.
– Домбыраны алғаш қолға алып, «Еркем-ай» әнін үйрендім, Айтжан ағай менің домбыра ойнауға икемім бар екенін атап өтті, бұл менің алдағы уақытта ұлттық аспапты меңгеруіме үлкен шабыт сыйлады, – деп республикалық Astana TV телеарнасының продюсері Арай Ибарева қуанышын жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий