Ақмола облысы: Министр жергілікті білім беру ұйымдарының тыныс – тіршілігімен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге жоғары техникалық колледжіндегі құзыреттілік орталықтарын аралады. Жоғары техникалық колледжінде 2300-ге жуық студент білім алуда. Жұмысқа орналастыру бойынша аталған колледж алдыңғы қатардағылардың бірі, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда колледждің 300-ге жуық студенті дуалды оқумен қамтылған. Колледж «Тыныс» АҚ, “Камаз-Инжиниринг”, АҚ «Казахстанская Агро Инновационная Корпорация» ЖШС т.б ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасайды. «Жас маман» жобасының аясында 9 құзыреттілік орталығы жабдықталып, құрылды. “Шанақты жөндеу” құзыреттілік орталығында өндірістік оқыту шебері Қасым Естаев пен Олег Потайчук студенттермен бірге CAR-O-DATA 3D өлшеу компьютерлік жүйесін қолдана отырып, автомобиль шанағының электрондық диагностикасының орындалуын көрсетті.

Сонымен қатар, INVERTER DOT PLUS контактілі дәнекерлеудің инверторлық аппаратын пайдалана отырып дәнекерлеу жұмыстарын, жабынды алып тастамастан рихталауға арналған 33 құрал-саймандар жиынтығын пайдалана отырып, түзету жұмыстарын көрсетті. «Дәнекерлеу технологиялары құзыретінің орталығы” “Жас маман” бағдарламасының аясында әлемдік жетекші өндірушілердің Lincoln Electric, KEMPPI Х8, KEMPPI Master TIG, CVARKA.KZ дәнекерлеу құралдарымен жабдықталған.

Технологиялық жабдықты автоматтандыру және баптау құзыреттілігі орталығы HAAS фирмасының UMC-750 CББ бес осьті әмбебап тік-фрезерлік өңдеу орталығымен жабдықталған. Аталған өңдеу орталығы өңірдегі машина жасау саласындағы әлеуметтік әріптестер үшін шығарылатын өнім тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді. “Графикалық дизайн құзыреттілігі орталығын” тамашалаған кезде, қонақтар бұл орталықтың дизайн, робототехника және 3D прототиптеу сияқты IT құзыреттіліктің үлкен спектрін игеруге мүмкіндік беретініне көз жеткізді.

«Тігін өндірісінің құзыреттілік орталығы”-ндағы болған сәтте мамандар Асхат Қанатұлына жабдықтар бағдарламаны жазудан бастап дайын өнімді алуға дейін IT құзыреттілікті, заманауи жабдықты қолдана отырып, тігін шеберлігі бойынша кешенді тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтты. Колледж қабырғасындағы 1С сертификаттық оқыту орталығында Министр Халықаралық курстардан өткен және Оңтүстік Кореяның SolBridge бизнес Жоғары мектебі, WOOSONG университетінің сертификатына ие болып, оқуға шақырту алған студенттер Азамат Ахтаев, Али Кабдушев сынды студенттермен әңгімелесті.

Министр жоғары техникалық колледжіндегі барлық құзыреттілік орталықтарымен танысып, колледждің атқарып жатқан жұмысын бағалай келе, алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий