Жас ұстаздар оқушыларды ынталандырудың жаңа шешімдерін іздеуде (бейне жазба)

Қостанайдағы NIS-те «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жас мұғалімдермен кездесті. Жиынға Қостанай облысының білім басқармасы басшысы Зәуре Бәйменова да қатысты. Олардың әрқайсысы әріптестеріне өзінің ұстаздық жолында кездескен жеке жетістіктері мен кәсіби мәселелерін баяндады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Меңдіқара ауданындағы Бірінші май орта мектебінің тарих мұғалімі Дамир Сұлтанов Қостанай облысының тарихи ескерткіштерін зерттеу үшін туристік маршруттарды пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Дамир экскурсия жүргізу үшін гидтің дағдыларын дамыту бойынша қосымша курстардан сәтті өтті, оның қызметіндегі басты нәтиже – оқушыларының облыстық ғылыми жұмыстар байқауындағы жеңісі мен туған өлкені зерттеу бойынша авторлық бағдарламасы.

– Кездесу барысында мен мұғалімнің көмегімен оқушыларға туған жердің тарихы туралы көбірек білу мүмкіндігін беретін нұсқаны ұсындым, осындай жұмыстың арқасында білім алушылар ғылымға ден қоя бастайды, – дейді Дамир Сұлтанов. Күләш Ноғатайқызы жас ұстаздың кейсіне және соның аясында жүргізіліп жатқан педагогикалық зерттеулердің маңыздылығына оң баға берді, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.

Рудный қаласындағы №1 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлдана Бұхарбаева – қазақ тілінде сөйлеу дағдысын дамытатын, оқушылардың ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын мектеп театрының бастамашысы әрі жетекшісі. Қостанайдағы №5 кадет мектебінің жас оқытушысы Ботагөз Мақатова STEM зертханасының және 3D-модельдеудің барлық мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып келеді, себебі бүгінгі таңда биология сабағында инфографика мен жалпы ақпараттық технологияларды пайдалану бұрынғыдан да өзекті болып отыр.

Күләш Шәмшидинова мен өңірлердегі жас ұстаздар арасындағы бірқатар кездесулер Қостанай қаласында аяқталып, олардың әрқайсысы жас педагогтердің кәсіби дамуы үшін жаңа платформаның қажеттілігін растады.

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий