Қостанайлық оқушылар үшін экскурсиялар қайта жанданды

Биыл облыс оқушылары үшін экскурсиялар қайтып жанданды. Кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күніне байланысты білім басқармасының ұжымы балаларды скалодромға, аттракциондарға, ойын-сауық және термопарк кешендеріне апарып, көңілдерін көтерді, –  деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Қостанай ауданының шалғайдағы ауылдарынан келген 10 бала керемет көңіл-күйге бөленіп, естелік сыйлықтар алды. Жарияланған Балалар жылы аясында бұл акция игі дәстүрдің жалғасы болып, әр қатысушыға ұмытылмас әсер мен күлкі сыйлайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий