Тұлғаның өзін-өзі тану үдерісіндегі әдебиеттік оқу

Егеменді еліміздің болашағы – жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру – әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан, қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – басты бағдарларының бірі.

Сөзімді қазақтың бас ақыны, ұстазағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер – Абай Құнанбайұлының сөзімен бастағым келіп тұр. Өзін – өзі тану үрдісінде Абай шығармалары бала жанынан өзіндік орны бар шығармалар болып табылады, әр сыныпта бала жасы мен ерекшелігіне қарай Абай туындыларымен өз кезегінде таныс болады.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге

Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқылым, жазылым, яғни тілдік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі. Пән арқылы берілетін білім мазмұнының тақырыптар оқушының дүниетанымын артыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.

Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады. Оқырмандық біліктілікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау және тағы да басқалар) құрайды. Оқырмандық біліктілік негізінде сөйлеу дағдысы (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу) қалыптасады.

Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану үрдісінде әдебиеттік оқу пәнін оқи отырып: өз бетінше шығармашылықпен жақсы көзқарастарын дәлелдей отырып, өзгелерге, қоршаған әлемге деген қайырымдық пен қамкорлық қасиеттерін дамытады; адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің ара жігін ажырата отырып, риясыз жақсылық жасауға тәрбиеленеді; оқушылардың рухани әрі адамгершілік, интеллектуалдық танымдық, психологиялық, шығармашылық, іскерлік сапаларын ашады; мысалдағы негізгі ойды аша отырып, бір-біріне көмектесе білуге дағдыланады.

Оқу сауықтыру кешенінде балалар әдебиеттік оқу пәнін оқу барысында өзін – өзі жан – жақты  дамыту үшін тарауларда берілген тапсырмаларды орындау арқылы білімін шыңдай түседі. Оқушылар сабақ барысында өзін – өзі тану үрдісін ұштастыра отыра әңгімелерді мазмұнына қарай ажырата алады; өлеңдердің тақырыбы неге арналғандығын талдай отырып тапсырманы өз ой – қиялымен сурет салу арқылы, өлең шумақтарын құрау арқылы жеткізе алады.

Оқу сауықтыру кешенінде өзін – өзі тану үрдісі арқылы сабақ барысында ертегі, әңгіме құрау, өлең шығару, сөзжұмбақ құрастыру, өсиет әңгіме жазу, хат жолдау, құттықтау сөз арнау сынды тағы басқа да тапсырмалардың өзі оқушы шығармашылығын дамытуға, белсенділіктерін арттыруға негіз болады. Әдебиеттік оқу сабақтарында өзін-өзі тану  үрдісін жүргізудің маңызы: әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру.

Ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) жетілдіру; оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту; сыни ойлауын жетілдіру.

Көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету; алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету; оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін өлең,әңгіме құрастыру. Әдебиеттік оқу пәнін меңгеру оқушының: қазақ балалар әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне; көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына; алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.

Оқушылардың бойында ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолданамыз: оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым); зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім»тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); жүйелі-әрекеттік тәсілдеме; дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді).

Дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту). Сөз соңын Ахмет Байтұрсынұлының жақсы сөзімен қорытындылағым келеді: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр  ұялата алады».

Жания Эсболқызы АЙТМУХАНОВА,
«Бөбек» ҰҒПББС орталығы оқу – сауықтыру
кешенінің бастауыш сынып мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий