“Айбын – 2022”: республикалық әскери – патриоттық слетіне ақмолалық оқушылар да қатысты

Қарағанды облысының Спасск қаласында Ақмола облысынан “Арна” жоғары колледжі, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, Көкшетау қаласының гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерінің құрама командасы “Айбын-2022” республикалық әскери-патриоттық слетіне қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жарыстың 12 түрінде жастар өздерінің зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін және дене шынықтыру дайындықтарын көрсетті. Үздік дайындық нәтижесінде біздің команда республикада 3-ші орынға ие болды. Айта кетейік, республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны 8-рет өтіп отыр. Ағымдағы жылы жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 40 команда қатысты. Барлығы алты жүз адам. Біздің балаларды құттықтаймыз, оларға табыс тілейміз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий