“Жас маман” жобасын іске асырудағы тәжірибе

Облыстық білім басқармасына қарасты оқу–әдістемелік орталықтың бастамасы бойынша біздің арнаулы оқу орнының ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасы – құзыретті маман даярлау кепілі» тақырыбындағы арнайы облыстық облыстық семинар болды.

Басқосуға облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің  басшысы Шынар Исаханова, «Атамекен» палатасы, адами капиталды дамыту басқармасының басшысы Бакиева Меруерт Талгатовна, кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің директоры Такимова Гульнара Турсунбековна, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің директоры Шаймерден Сәбит Сағынтайұлы, ата –ана, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аймақтағы жиырма колледжден 50 білікті педагогтар қатысты.

– Бұл жобаға біздің өңір бойынша енген 12 арнаулы оқуорындарының бірі осы Шелек политехникалық колледжі. Жобаның басты ұстанымы кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы халықаралық стандартқа сәйкес білімді дамыту, білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізуді көздейтіндігі белгілі, – деді кіріспе сөз сөйлеген Гүлсара Тастандықызы.

– Жобаға республика бойынша 180 колледж бен жиырма университет қамтылуы тиіс болатын. Облысымызда осы жобаға енген 12 колледждің бірі облыстық іс-шара өткізіп отырған Шелек политехникалық колледжі болып отыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында кадрларды даярлау жүйесіне назар аударып,біз барлық кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыттауымыз керек деген болатын. Соған сәйкес осы құзыреттіліктер бойынша жұмыс жасау керек. 

Колледжіміздің тарихыннан сыр тарып, стратегиялық жоспарымен бөліскен ұжым жетекшісі Қуат Дүйсебаев  аккредитациядан өтуіне тоқталған соң колледж ғимараттарының 2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін баяндап, «Жас маман» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға екіпін беріп, орындалуы тиіс шараларға басымдық берді.

– Бүгінгі таңда жобада қарастырылған 276 миллион теңгеге заманауи құрал – жабдықтар орнатылды. Колледж қызметкерлері жабдықтар бойынша жеткізуші кәсіпорын мамандарының көмегімен оқытылып, сертификаттармен қамтамасыз етілді. Осы мүмкіндіктердің арқасында колледжіміздің екі білімгері былтыр Worldskills аймақтық чемпионатында екі құзыреттілік бойынша үшінші орынға ие болды, – деді Қуат Құрманғалиұлы.

– «Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы  бойынша құзыреттілік орталығын аштық. Білімгерлерден бөлек өндірістік оқыту шеберлері құзіреттілігін «WorldSkills» чемпионаттарында қамтуға болады. Бұл орталық республикалық «Еңбек» бағдарламасының сәтті жүруіне де оң әсерін тигізетін болады.

Осы жоба базасында көрсетілген мамандық бойынша биылғы оқу жылының қорытынды аттестациясы демонстрациялық емтихан түрінде өткізіледі. Әзіргі кезеңде «WorldSkills» талаптарын ескеріле отырып техникалық тапсырмалар анықталынып жасалынды, СIS жүйесімен жұмыс жасалынып жатыр.

Сондай-ақ, осы база негізінде басқа колледж білімгерлері мен мектеп бітірушілерге арнап «Оқу-жаттығу лагері» және «Кәсіптік бағдар беру» орталықтары ашылатын болады. Лагерь болашақта облысымыздың колледждері студенттерінің «WorldSkills» чемпионаттарында нәтижелі қатысуларына және мектеп бітірушілеріне болашақтағы мамандықтарын айқындауына  мүмкіндік береді.

Біздің колледждің аталған мамандық бойынша материалдық базасы болашақта облыс колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері арасында жарыстар мен конкурстарды ұйымдастыруға толықтай жол ашады. Онымен қоса, орталықта болашақта колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өндірістік тағлымдамадан өтуге мүмкіндік алатын болады. Сонымен бірге әлеуметтік серіктестер де мамандарын өз базаларында керекті жабдықтарда жұмыс істей алу үшін тағылымдамаға біздің колледжге жіберулеріне болады.

Аталған мамандықтар бойынша материалдық базасы болашақта облыс колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері арасында жарыстар мен байқаулар ұйымдастыруға толықтай жол ашады. Онымен қоса, орталықта болашақта колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өндірістік тағлымдамадан өтуге мүмкіндік алатын болады.

Сонымен бірге әлеуметтік серіктестер де мамандарын өз базаларында керекті жабдықтарда жұмыс істей алу үшін тағылымдамаға біздің колледжге жіберулеріне болады. Болашақта аталмыш жабдықтар ауданымыздың автокөлік паркіне қызмет көрсете алатын колледждің мұқтажына қажетті қосымша табыс көзіне  айналатынына сеніміміз мол. Осы жабдықтар базасы осы мамандықтың сұранысқа ие «Автоэлектрик» біліктілігін игеруімізге мүмкіндік береді.

Колледжіміздің тәжірибесі мол өндірістік оқыту шебері,Worldskills аймақтық чемпионаты жүлдегерінің жетекшісі А.Исламов «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша демонстрациялық емтиханның WSK негізінде техникалық тапсырмаларын даярлау жайын таныстырды. Жүздесу соңында Шынар Қабиқызы семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірсее, колледжіміздің директоры қатысушыларға арнайы сертификаттарды табыстады.

 

Серік Әлиасқарұлы БАЙСУБАНОВ,
Шелек политехникалық колледжі
директорының оқу – өндірістік ісі
жөніндегі орынбасары, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий