Журналистер мен оқушылар арасында зияткерлік ойын

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мен журналистер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. «Не? Қайда? Қашан?» ойыны қарағандылық Зияткерлік мектепте дәстүрге айналған жобалардың бірі. Жыл сайын мектеп оқушылары қалалалық, облыстық ойындарда оза шабады. Бұл жолғы ойынға зияткерлермен бірге өңір журналистері де қатысып, түрлі тақырып бойынша білімін сынады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Шара аясында мектеп директоры Равиль Якупов журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Өз сөзінде мектеп директоры ақпарат саласы мамандарының қызметі қаншалықты маңызды екенін атап, ақжарма тілегін білдірді. – Осындай керемет ойынды ұйымдастырғандарыңызға рақмет. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Кәсіби мерекемізде елеп, құттықтап жатқан мектеп әкімшілігіне мың алғыс. Бүгінгі сайыста жеңілсек те, оқушылар өз білім деңгейін көрсете білгені қуантты. Осы алған беттен таймай, оқуда биік жетістіктерге жетуге тілектеспіз, – деп бөлісті журналист Ақниет Ысқақ.

Оқушылар мен журналистерге ерекше әсер сыйлаған ойын алда да жалғасын таппақ. Мектеп әкімшілігі алдағы уақытта журналистер қауымын мектепте өтетін зияткерлік ойындар мен танымды кездесулерге шақыруды дәстүрге айналдырмақ. – Бүгін оқушыларымыз қаламыздың белгілі журналист мамандарымен кездесіп, бірігіп ойын ойнады. Мұндай кездесулер оқушыларымызға әркез қызық. Алда Қарағанды журналистерін зияткерлік ойындар, дебат, шеберлік сабақтары сияқты түрлі шараларда көруге қуаныштымыз, – деді мектеп директоры орынбасары Жұлдыз Биманова. Айта кетері, кездесу барлық Зияткерлік мектептерде қолға алынған медиа-марафон аясында ұйымдастырылып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий