Спартакиада жүлдегерлері марапатталды
Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов пен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Есқалиева техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында ұйымдастырылған республикалық спартакиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада республикалық спартакиадада волейболдан І орын иеленіп, «Алтын медальға» ие болған Жаңақорған аграрлы – техникалық колледжінің ерлер және қыздар командасы мен шағын футбол, үстел теннисінен жүлдегер атанған Қазалы көлік-техникалық колледжі және И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінің командасына арнайы алғыс хаттар табысталып, «Таң нұры» шипажайына үш күндік жолдама берілді.
Загрузка...Айта кетейік, маусым айының басында Түркістан қаласында елімізде тұңғыш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында республикалық спартакиада ойындары өткізілді. Байрақты бәсекенің нәтижесімен Жаңақорған аграрлы – техникалық колледжінің ерлер және қыздар командасы волейбол жарысынан жүлделі бірінші орынға ие болып, командалық есеппен спартакиада жеңімпазы атанған болатын.