45 жас оқытушы жұмыспен қамтылды

Бұл туралы Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен сұхбатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Құрманғазы ауданында соңғы үш жылда 80 орындық негізгі мектеп құрылысы салынып, апаттық мектептер толығымен жойылған.

Ауданда үш ауысымда оқитын мектептер жоқ және бір сыныпта 25 оқушыдан аспайды. Дегенмен, бүгінгі күні оқушы санының өсуіне байланысты кейбір ауыл мектептері үш ауысымға көшу қаупі бар. – Аталған проблемалық мәселелерді шешу үшін Атырау облысы бойынша «Amanat» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына бес мектеп және 8 балабақша құрылысын салу енгізілді. Аудан бойынша мектептерді жаңғырту үшін биыл 191,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, осы оқу жылында инклюзивті білім алушыларға «Сатр» баспасынан 1 миллион 34 мың тенгенің 372 дана оқулықтары сатып алынды.

Ал, Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Сенім тірегі» қолдауымен, «Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арнайы кабинет ашылды. Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін тасымалдау қызметі бар, – деді Гүлфара Өтемісқызы. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз етуде алға қарай да атқарылар жұмыстар көп екенін жеткізді. Айта кетейік, бұл аудандағы мектеп пен балабақшада 1701 мұғалім қызмет етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий