Сенімді серіктестіктің серпіні

Бүгінде жеңіл өнеркәсіп мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінетін басым бағыттардың бірі. Ақтөбе облысындағы ірі жеңіл өнеркәсіп фабрикасы ЖШС «ПО Глобал-Спецодежда» 2018 жылдан бастап Ақтөбе сервис колледжімен серіктестікте және соңғы үш жылдан бері дуальды оқыту негізінде үш жақты келісім шарт орнатылған, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Фабрика «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Worldskills» чемпионатының жұмыс алаңы және әлеуметтік әріптестіктің елу орындық базасы болып табылады. Ақтөбе сервис колледжі – қызмет көрсету саласындағы жұмысшы мамандарды дайындайтын, аймақтағы жетекші және сұранысқа ие оқу орындарының бірі, бүгінгі таңда колледж білім алушыларының тоқсан үш пайызы жұмыспен қамтылған.

Өткен аптада жауапкершілігі шектеулі «ПО Глобал-Спецодежда» серіктестігі мен Ақтөбе сервис колледжінің ынтымақтастығының бес жылдығына байланысты арнайы басқосу ұйымдастырылды. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы колледж бен кәсіпорын арасындағы сенімді серіктестіктің жалғасын табуына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, тігін фабрикасының директоры Надежда Александровна көпбалалы отбасынан шыққан, Ақтөбе сервис колледжінің 3 курс студенті Оськина Амалияны ерекше атап өтіп, тігін машинасын сыйлап, алдағы уақытта осы мекемеде еңбек жолын бастауға шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий