“Болашақтың эко энергиясы” аталатын зерттеу жобасы

Туған қаламыз -Екібастұздың 65 жылдығын мерекелеу аясында №4 сәбилер бақшасы білім беру бөлімімен бірлесіп, Мектепке дейінгі және орта білім беру секторының бас маманы Хамзабаева Жазира Амангельдиновнамен «Болашақтың Экоэнергиясы» зерттеу жобасы іс-шарасын өткізді.Бұл жобаға 5 жасқа толған №2, 4, 22, 27 сәбилер бақшалары қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты: тұлғаның танымдық қабілетінің интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін дамыту. Балабақша тәрбиеленушілері: №2 сәбилер бақшасы Аринов Савелий « Богатырь Көмір»  ЖШС-Самұрық-Энерго көмірдің қасиеттері туралы тәжірибе көрсетті; №4 сәбилер бақшасы Ботаханов Сапар ЖШС «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1», үй жағдайында суды сүзу әдісін мен ГРЭС-1 макетін көрсетті.

«KEGOK-Болашақ энергиясы» Горончко Настя №22 сәбилер бақшасы және Ақерия Маликаның «Екібастұз ЖЭО» №27 сәбилер бақшасы өз отбасымен үй жағдайында жасған тәжірибелерін презентация арқылы қорғады.Конкурсқа жеке форматта қызықты жобалар ұсынылды. Осы іс-шараны өткізу кезінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялар қолданылды. Презентациялар мен бейнероликтерді көрсету барысында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, зерттеу қабілеттері, қиялдары мен шығармашылық белсенділігі дамыды.

Жобалар байқауы барлық қатысушыларды бір белсенді өнімді қызметке біріктіруге мүмкіндік берді. Жобаның қазылар алқасы – Мектепке дейінгі және орта білім беру секторының бас маманы Жазира Амангелдіқызы Хамзабаева, «AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Гүлмира Өмірзаққызы Сембаева, №20 сәбилер бақшасының әдіскері Гүлбаршын Сейітбатталова балаларға жылы лебіздерін білдіріп, әділ шешім қабылдады.

№2 сәбилер бақшасы «Ең ерекше жоба» номинация, №22 сәбилер бақшасы «Ең маңыздысы», №27 сәбилер бақшасы «Ең үздік презентация», №4 сәбилер бақшасы «Ең мазмұнды жоба» номинациялары беріліп, соңында барлық балалар «Сурет салуға арналған жоба» ойыншықтарын алды. Педагогтар «Алғыс хатпен» марапатталды.

З.Х.НАУРЗБАЕВА,
№4 сәбилер бақшасының басшысы,
У. ХАПАР, тәрбиеші

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий