Бір апта ауылда: Ақмола облысында жаңа жоба жүзеге асырылуда

Балалар жылына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Айналаға қара» кіші жобасын жүзеге асыру аясында «Бір апта ауылда» іс-шарасы Ерейментау ауданында өтуде, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараның мақсаты: Ерейментау ауданының бай тарихымен, киелі орындармен және табиғат ескерткіштерімен танысу, қала мен ауылдың байланысын орнату. Ұйымдастырушысы: Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі және басқа да білім беру ұйымдары.

«Бір апта ауылда» жобасына Қосшы қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысып жатыр. Қатысушыларға көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Ерейментау қаласындағы тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия, Күншалған ауылына жол жүру, Олжабай батыр мазары, ұлттық ат ойындары және тағы да басқа. Балаларымызға қызықты және жақсы демалыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий