Әдебиеттік оқу пәнін мультимедиялық құралдар арқылы оқыту

Қазірге таңда мультимедиялық құралдар арқылы білім беру өзекті болып отыр. Себебі заманның талабы сол. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Бiлiм берудегi мультимедиа – бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал. 

Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық ресурстар – мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың негізгі  мақсаты- қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби туындыда бейнеленген құбылысты көркем қабылдауға қажетті білім, білік дағдылармен қаруланған , жан- жақты дамыған  білімді, құзыретті тұлға қалыптастыру.

Жас  ұрпақтың  еліне, жеріне деген асыл сезімдерін ұштауға әдебиеттегі шығармалардың тигізетін ықпалы шексіз. Ауыз әдебиетінің ерте заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Қаһармандық жырларда көбіне жорыққа қамдану немесе жаудан қорғану жағдайында жасалған негізгі идея – ел қорғау, батырлықты ең жоғары мұрат ретінде суреттеу болды. Қазақ халқының елі мен жерін қорғау басты мақсат екендігін дәріптеу жырларға арқау болған.

Батырлар өздері қаруымен қорған, тілімен тосқауыл бола білген жорықшы жыраулардың азаматтық толғаулары елдік пен ерлікті дәріптеді.Осы орайда жыраулық поэзия өкілдері көшпелілердің этикалық және эстетикалық сұранысына сай қаһарман тұлғасының ортақ моделін сомдап берді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Қазақ тарихының әрбір кезеңі, яғни ел басынан өткен, халық тағдырында терең із қалдырған тарихи, саяси оқиғалар енді нақты тарихи тұлғалардың – қазақ батырларының бейнесі арқылы, солар өмір кешкен, азаттық жолында арпалысып өткен заман, уақыт кеңістігі арқылы көркем шежіреленді.

Мультимедиялық технологияларды қолдану тиімділігіне байланысты, интерактивті мультимедиялық жүйелер бір уақытта беріледі: дыбыстық; бейне; анимация және графика. Компьютерлердің өнімділігінің артуы оқыту кезінде мультимедиялық технологияны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Суреттердің кең спектрі, қиялды ойлауды оқу үрдісіне белсенді қосу оқушыға ұсынылған материалды толығымен қабылдауға көмектеседі. Мұғалімнің теориялық ақпараттарды материалды көрсетумен ұштастыруға мүмкіндігі бар.

Мультимедиялық технологиялар кәдімгі жаттығулар сияқты жүйелі емес, параллель бірнеше сезім арқылы бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді.Көру және есту арқылы оқушыға әсер етуі және оның белсенді іс-әрекетке қатысуы арқылы оқу материалын игеру үлесі 75% құрайды. Сонымен қатар, батырлар жырын оқытуда  көптеген мультимедиялық компьютер, ноутбук, электронды оқулықтар, видеопроектор, ұялы телефон, планшет, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет және тағы да басқа құралдарды қодану өтее тиімді.

Мультимедиялық құралдарды қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін мына қағидаларды ұстанған жөн: бір қалыптылықты пайдаланбау; деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру; баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту; әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру; жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіреміз. Мысалы,  «Қобыланды батыр» тақырыбын өтуде Қобыланды батыр деген кім? – деп, интернет желісінен табу тапсырмасын кез келген оқушыға ұсынуға болады, ал дарынды оқушыларға  Қобыланды батыр туралы тарихи мәліметтерді табуды тапсырған жөн.

Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге, талдауға,қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады. Планшетті қолданудың тағы бір жолы- тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни,  мұғалім алдын ала  тапсырмаларды теріп қояды да, керек кезінде  электронды пошта арқылы немесе SMS-пен  жібереді, оқушылар  тапсырманы топпен , жұппен, өз бетімен  орындайды.

Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді. Мысалы: «Қобыланды батыр» жырынан Тайбурылды суреттеген жерін тауып,плакатқа суретін салып, дәптерлеріңе жазыңдар. Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.

Ел тағдырындағы батырларды бейнелеген, сомдаған өнер туындыларын сөз еткенде біз ауыз әдебиетін, яғни халық мұрасын алдымен атаймыз. Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та, бәрінің де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы,ел мұңы халық тағдырымен ұштасып жатыр. Сондықтан да еліміздің болашақ тұтқасын қолдарына ұстағалы отырған бүгінгі жеткіншектерге адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып,ең әуелі, туған елі мен жері дегенде көкірегі қарс айрылатан азамат етіп тәрбиелеу қажет.

Ұлттық идеяның алтын діңгектеріндей бой көтерген рухани құндылықтарымыздың барлығы да бір ғана мақсат жолында, бір ғана мұратты көздейді. Ол мақсат пен мұрат түптің түбінде бізді бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізге, ұлттық мемлекетіміздің мәңгілік баянды болуы идеясына біріктіріп отыр. Тәуелсіздікке қол жеткізген тарихқа көз жүгіртіп, оны ұрпақ санасына сіңіре отырып, өз Отанын сүйетін, мақтан тұтатын және оның қамын жейтін, ол үшін күресе білетін азамат тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз.

Р. АДАЙ,
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий