Мектептегі домбыра мүсіні

№18 мектеп-лицейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра» мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық, бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Сондықтан, ұлттық руханиятымызды дәріптейтін мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере бермек. Бүгінгі шара өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз. Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий