Мемориалды тақта қойылды

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұлағатты ұстазы марқұм Ақзия Бекмағанбетқызы Сәрсемнбаеваның құрметіне мемориалды тақта қойылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Ұстаз – шәкіртінің бойына білім нәрімен қатар ақыл-парасат пен көркем мінез сіңіруші жан. Сол себепті ұстаз есімі – қашанда ұлағатты.

Еске алу шарасына аудандық мәслихат төрағасы Жаңғабыл Бекмолдаұлы, оқу бөлімінің меңгерушісі Қалбибі Бекқалина, ішкі саясат бөлімінің бастығы Дина Сабытова, мәдениет бөлімінін жетекшісі Дүйсенбай Атағараев және 11- мектеп директоы Құралай Айманова, аудан ардагерлері мен ауыл тұрғындары марқұмның сыныптастары қатысты. Парасатты педагог 1954 жылғы ақпан айының 14-і күні Актобе облысындағы Байганин ауданының Жарлы стансысында дүниеге келіп, ұстаздық еңбек жолын 1972 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы стансы Ералы ауылындағы Батыс Қазақстан Теміржолына қарасты №87 бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған болатын.

Он жеті жасынан еңбекке араласқан майталман мұғалім, 2001-2012 жылдар аралығында №2 бастауыш мектеп директоры кызметін атқаруы барысында құрметті еңбек демалысына шыққан еді. Ұстаз болып– жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыта білген ұстаз. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау, жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беруді басты мақсат етті. Кеш соңында танымал тұлғаның рухына құран бағышталып, ас берілді. Ұстаз еңбегі әрқашанда ұрпақ алдындағы аманат сынды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий