Мектеп жасына дейінгі  балаларға ағылшын тілін үйретудің жолдары

Мектепке дейінгі жас – тіл меңгеруге  ең қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы бала тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді.  Мектепке дейінгі жастағы балалар берілген шағын материалды меңгеріп, оған  жақсы кері байланыс бере алады. Ағылшын  тілін  ерте  жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың  ағылшын тілінде қарым-қатынас  жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.

Мектепке барғанда ағылшын тіліне ынтасы, қызығушылығы болуы үшін, балабақшақшада ойын іс-әрекеті арқылы  қызығушылығын оятып бастапқы ағылшын тілін үйренуіне көмектеседі. Шетел  тілін  оқыту баланың жас ерекшелігіне сай бөлінеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға шет тілін үйрету өте қолайлы: бұл жастағы балалардың тілдік құбылыстары сезімталдығымен ерекшеленеді, олардың сөйлеу тәжірибесі, тілді түсінуге  деген қызығушылықтары мол. Балалар өзге тілді  оңай және берік есте сақтайды.  Мектеп жасына дейінгі жаста күрделі коммуникация мәселелерін шешпейді.

Бұл дегеніміз, ол шет тілін меңгере отырып, ана тілі мен шет тілдеріндегі мүмкіндіктер арасындағы үлкен алшақтықты сезінбейді яғни мектеп жасына дейінгі балаға өзге тілді меңгеру жылдам әрі оңай болады. Балаларға сабақ беру – бұл мектеп оқушылары мен ересектерге қарағанда әдістемесі мүлдем басқа. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын  тілін оқытудағы кейбір бағыттарға тоқталсақ. 3-4 жастағы балаларға сабақ беру ұзақтығы 15 минут. Балаларға шағын материалдар беремін. Бұл жастағы балаға әр оқу іс-әрекетінде 3-4 сөз үйретемін.

Балаға қызықты ойыншықтар көрсету арқылы жаңа  сөздер үйретемін . Яғни өзінің сүйікті ойыншықтарымен.  Мысалға  fruit (жемістер),  transportation (көліктер),  furniture (жиһаздар),  clothes (киімдер) және тағы да басқалар. 4-5 жастағы ересектер тобының балаларының оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 20-25 минут. Ал 5-6 жастағы  мектепалды даярлық топ балаларының оқу іс-әрекетінің ұзақты 25-30 минутқа созылады. Әдістемемде тікелей білім беру іс-шараларын жүргізу, балалардың тілдік қабілеттері құрылымының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылуы және олардың дамуына бағыттаймын.

Балада шет тіліндегі сөйлеуге деген жағымды психологиялық қатынасты қалыптастырамын, ал мұндай жағымды мотивацияны құрудың жолы – ойын. Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын  тілді  тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі.Ойын әрекетіне сену қабілеті шетел тілінде сөйлеу үшін қарапайым элементтерді де қызықты әрі мазмұнды етуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында жүргізілетін ойынды таңдағанда, келесі ережелерді есте сақтау керек: ойынды бастамас бұрын келесі сұрақтарға жауап береміз: -Бала одан не үйренуі керек? – Ол қандай сөйлеу әрекетін орындауы керек? Балаға ойын шартын бірден қабылдайтындай етіп, оңай жолмен сипаттап беріңіз; Балалармен өзіңіз де шынайы ойнаңыз.

Мұғалім тек ойынның ұйымдастырушысы бола алмайды – ол баламен ойнауы керек, өйткені балалар үлкендермен үлкен қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: «Magic mirror» (сиқырлы айна) түрі. Мақсаты: баланың зейінін дамыту. Айнадан ойыншық – жануарлардың бейнесі біртіндеп балаларға көрсетіледі. Содан соң сиқырлы айнадан бірнеше жануарлар бір мезгілде көрсетіледі. Балаларға сұрақтар қойып, нені көргенін және оның санын сұрау керек мысалға: I see a саw.  I see a cat. «Clap the sound». Мақсаты: белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу, балалардың сөздік қорын дамыту, дыбыстар туралы білімін бекіту.

Ойын барысы: педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса – бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса – қолдарын шапалақтамайды. Мысалы: «B»дыбысы – butter,   brother, baby, sister, door. Мектеп жасына дейінгі баламен жұмыс барысында төмендегідей әдіс- тәсілдерді қолданамын: диалогтар; жұмбақтар; драматизация. Рольдік және дидактикалық ойындар. Көркем және шығармашылық ойындар. Ырғақты музыкалық ойындар қолданамын. Балалармен жұмыс істеу барысында көбінесе рөлдік ойын түрін қолданамын.

Рөлдік ойын – бұл балалар белгілі бір рөлдерде ойнайтын ойын әрекеті, әр түрлі өмірлік жағдайлар ойналады, мысалы: Saller and buyer  (сатушы-сатып алушы),  Doctor and a patient (дәрігер-пациент,) actress and fans (актер және оның жанкүйері), Hairdresser (шаштаразшы),  Cook (аспасшы)  және тағы да басқалар бойынша. Дидактикалық ойындардың ағылшын тілін оқытуда  маңызы өте зор, себебі бұндай ойындарда балаларда тек қана лексико-грамматикалық материалды бекіту ғана емес, сонымен қатар психикалық үрдістердің қалыптасу жүреді.

Әрі ойлау, еске сақтау,  зейін қою, және де мақсаттылық, зейінділік, өзін белгілі бір ережелерге бағындыру қабілеті, сонымен қатар әлеуметтік сезім, жанашырлық, әрқашан көмекке келу, көпшілдік, достық сияқты басты адами қасиеттер дамиды. Стандартты диалогтар дегеніміз – балаға ағылшын тілі арқылы сұрақ қойып сөйлесуі немесе балалар белгілі бір тақырыпта ағылшын тілінде сөйлесуі. Стандартты  диалогтар мысалы: Show me (Маған көрсетші) – тақырыпты атағанымда, ал бала қалаған сөзінің бейнесі бар карточкаға барып, оны көрсетуі керек.

What is it (Бұл не?) Суретті көрсетемін, балалар суреттің атауын ағылшын тілінде атайды. What is missing (Не жетіспейді?)  Бір ойыншықты жасырамын, балалар жасырылған ойыншықтық атауын ағылшын тілінде айтады. Жұмбақтар кез – келген тақырыпта  жасырамын  мысалға: animals  (жануарлар), fruts  (жемістер), Vegetebles (көкөністер)  furniture (жиһаздар)  and toys  (ойыншықтар). Rhytmic music games (ырғақты музыкалық ойындар) – бұл барлық дәстүрлі ойындар, мысалы,  билер, әндер  бұл коммуникативті дағдыларды игеруге емес, сөйлеудің фонетикалық  аспектілерін жақсартуға және  жаңа сөздерді үйренуге  көмектеседі.

Көркем, немесе шығармашылық ойындар Бұл ойын және көркем шығармашылықтың шекарасында тұрған, балаға ойын арқылы өтетін іс-әрекеттің түрі. Оларды өз кезегінде бөлуге болады: Dramatization (Драматизация)(яғни кішігірім көріністерді ағылшын тілінде сахналау) – мысалы: орманда  түлкі мен аю кездеседі, ал кішкене диалог ойналады (Hello! I am a fox. I can run. I love fish).(Сәлеметсіз бе! Мен түлкімін. Мен жүгіре аламын. Маған балық ұнайды); Creative game (Шығармашылық ойындар).

Суреттерді салу және бояу арқылы жүргізіледі. Бұл тыныштандыратын өте кең таралған қызмет. Мысалы,  дайын суретті көрсетемін.  Жаңа сөздерді бірнеше рет қайталайды  және жаттап алады бөлшектерін атап суретін салады. Мектепке дейінгі жастағы балаларда ағылшын тілін ойын арқылы үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдылары  қалыптасады. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолдылған жөн, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіге үйретеді.

Сонымен қатар, балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және басқаларды қолданамын. Бұл жаттығулардың қолдануымның мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызығырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.Сондай-ақ, ойын арқылы балалар оңай қарым-қатынасқа түсіп, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың: шетел тілін үйренуге қызығушылығын; танымдық қабілетін; өзіндік шығармашылық әрекетін; елестету мүмкіндігін; есте сақтау қабілетін; мектеп өміріне бейімделушілігін  жетілдіруге мүмкіндік береді. Шетел тілін оқытудың ең танымал әдістерінің бірі ақпараттық-коммуникациялық әдістерді болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық әдістер бұл — компьютерлік аппаратура, мультимедиа, аудио және тағы басқа. Тікелей оқу іс-әрекетінде аудио, бейне әңгімелер, ертегілер, танымдық материалдарды пайдалану оқытуды жекелендіруге және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетіне деген мотивтің дамуына ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға  ағылшын тілін үйретудің тағы бір тиімді тәсілі-ол  ертегі, әңгіме, мультфильмін тыңдау немесе көру. Балалар тілдің семантикалық негіздерін тез түсініп, өздігінен сөйлей бастайды. Оқыту кезінде толық иммерсия әдісі қолданылған жағдайда. Бұл әдіс баланың шет тілімен тұрақты және терең байланысын білдіреді. Баланың түпсанасы әдеттен тыс сезімтал, тіпті егер айқын нәтиже бірден көрінбесе, бір-екі жылдың ішінде баланың ерекше дамыған тілдік қабілеттеріне тап болу мүмкін. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры бірнеше ондаған сөзге жеткенде, ағылшын тіліндегі аудио ертегілердің көмегімен тікелей білім беру қызметін әртараптандыруға болады.

Аудио әңгімелер балаларға   ағылшын  тілін үйренуге көмектеседі. Бастапқыда ағылшынның кішкентай әңгімелері бастаған дұрыс.  Аудио ертегі барысында балалар мұғаліммен бірге суреттерді қарайды, сөздерді айтады. Видео фильм-бұл мектепке  дейінгі және кіші жастағы балалардың  ағылшын тілін үйренуі коммуникативті  оқу әдісі. Бейне  материал балаға қызықты, сонымен бірге тәрбиелік мәні бар. Балалар қоршаған әлем туралы білім алады , және ағылшын  тілін үйренеді.

Лексикалық және грамматикалық материал ойын түрінде енгізіледі. Лексика енгізіліп қана  қоймай, сонымен бірге қандай да бір объектімен  орындалатын  іс-әрекеттіанық көрсетеді, бұл сөздік қорды тез жаттауға және шет тілінде қарапайым сөйлесу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мультфильмдер – ағылшын тілін оқытудағы ең  жақсы көмекшілердің бірі. Балалар мультфильмдерді жақсы көреді және оларды бірнеше рет қатарынан көре алады Сол себепті ағылшын тіліндегі мультфильмдер балаларға шет тілін оқытудың көптеген мәселелерін  шешуге  көмектеседі.

Балада бұл сөздерді неге үйренуге болады деген сұрақ болмайды; мультфильм көруге  қызығушылық танытады және кейіпкерлердің сөзтіркестерін қайталауды ұнатады; мультфильмдер балаға жаңа сөздерді оқып, үйреніп қана қоймай, сонымен қатар ағылшын сөйлеуінің дыбыстарын білуге көмектеседі; қайталау – егер бала мультфильмді ұнатса, мультфильмді жатқа білгенш еқайта-қайта көруге дайын болады.

Қорытындылай келе, мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің ең негізгі әдісінің бірі -ойын екенін айтқым келеді.  Ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын өзара диалогтық сөйлесуін, шет тілі сөздерін жаттауына мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі. Олар кез – келген оқу материалын қызықты  қылып, балалардың көңіл – күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Күнделікті тақырыпты ашу барысында ойын арқылы сөздік қорды дамытуға арналған тапсырмаларды үнемі жүйелі қолданып, ұйымдастырамын. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне назар  аудара отырып, күткен нәтижеге қол жеткізе алдым. Болашағымыздың жарқын болуы, білімнің дамуына тікелей байланысты.  Білімді, тілді жетік меңгерген ұрпақ – ел болашағының тұтқасы. Балаларға сапалы білім беру ол педагог  еншісінде!

Разия Ержанқызы ЕРЖАНОВА,
РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін – өзі тану»

балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі                            

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий