Ақтөбелік оқушы еуропалық олимпиаданың басты байрағын қанжығалады

Ақтөбелік NIS оқушысы Санжар Хамитов ел тарихында тұңғыш рет географиядан EGеO – 2022 Еуропалық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. 11 сынып оқушысы 16-19 жас аралығындағы жоғары лига қатысушылары арасында абсолютті жеңімпаз атанды.

Бастапқыда Балқан географиялық олимпиадасы деп аталған Еуропалық Географиялық олимпиада – 12-19 жас аралығындағы мектеп оқушыларының дәстүрлі жарысы. VIII еуропалық географиялық олимпиада 2022 жылдың 24-29 маусымы аралығында қашықтағы форматта өтті жәнеБеларусь, Ресей, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Эстония, Сербия, Словения, Қазақстан, Румыния, Чехия, Болгария, Босния және елдерінен 111 қатысушыны біріктірді.

Санжар Хамитовтың жетістіктерінің қатарында география пәнінен республикалық, желілік додалардың алтын медальдары бар.

–  Географияның көмегімен мен қоғамымыздың жан-жақтылығын көре аламын және әрқайсымызды, соның ішінде біздің планетамызды қамтитын күрделі кеңістіктік және уақыттық байланысты біле аламын. Жеңіске жету жолында мен күндегіден жақсы болу үшін бәрін жасаймын, – дейді ол. 
 
Айта кетейік, Санжардың жаттықтырушысы Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің түлегі, ІGeO-2021 халықаралық географиялық олимпиадасының жеңімпазы Рустам Валеев.
Олимпиада үш турдан тұрдыжазбаша, мультимедиялық, далалық. Және барлығында да Санжар жақсы нәтиже көрсетті. Ол тәжірибелік және теориялық білімін үнемі жетілдіріп отырудың арқасында алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, барлық қатысушылар арасынан ол ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендігімен ерекшеленді, – деп атап өтті Рустам Валеев.

Енді Санжар  ІGeO және IESO халықаралық олимпиадаларына қатысады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий