“Біздің роботымыз – біздің досымыз”

Нұр-Сұлтанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен өткен World Robot Olympiad робототехника бойынша ұлттық чемпионат аяқталды.

Бұл олимпиадада Future Engineers санаты бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрбол Жақсылық пен Нұрмұхамед Оразбек екінші орынды иеленді.

 

Биылғы чемпионатқа өңірлік кезеңдердің нәтижесі бойынша әр аймақтан 109 үздік команда жолдама жеңіп алды. Олардың басым көпшілігін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары құрайды. Қатысушылар күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, құтқара алатын немесе қызмет көрсететін роботтар құрастырып таныстырды.

Сыр өңіріндегі NIS-тен аталмыш жарысқа 10 оқушы қатысты. Олар шығармашылық санатта автоматтандырылған ферма мен биометриялық параметрлер арқылы науқастарды сәйкестендіру әмбебап құрылғыларын әділқазылар назарына ұсынды. Ал, негізгі санат бойынша болашақ инженерлер автокөліктер құрастырып, жарыста сынап көрді. Нәтижесінде, қызылордалық зияткерлердің робот-көліктері мәреге екінші болып жетіп, жүлдегер атанды.

 

 

«Роботтың атқаратын негізгі қызметі – 3 минут аралығында белгіленген аумақта арнайы белгілерден, шектеулерден айналып өту. Сонымен қатар, кедергілердің түсі мен арақашықтығына байланысты сорттап, арнайы алгоритмдерді орындайды. Яғни көлік жүргізушінің басқаруынсыз автономды түрде жолда жүру ережелерін сақтай отырып қозғала алады», – дейді жүлдегер Нұрбол Жақсылық.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий