Домбыра – дастан, домбыра – күй

Көкшетау қаласында ұлттық домбыра күніне арналған “Домбыра – дастан, домбыра – күй” акциясы өтті.

Игі шараны облыстық “Ақмола дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық орталық ұйымдастырды. Акция шарты бойынша қазақ халық аспаптар ұжымдары мен ансамбльдері Құрманғазы Сағырбайұлының “Балбырауын”, Н.Тілендиевтің “Әлқисса”, “Ата толғауы” күйлерін орындады.  Сондай-ақ, акция барысында Біржан сал атындағы музыкалық колледжі мен музыка мектептері оқытушыларының күй тартысы болды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтауға және жандандыруға ықпал етеді. Басты мақсат – өскелең ұрпақ, өнер сүйер қауым арасында қазақ өнерін кеңінен насихаттау, жас таланттар мен талантты орындаушыларды қолдау.

Айта кеткен лазым, акцияға Ақмола облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектебінің 120-ға жуық оқушысы қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий