Келестік оқушы грек жаңғағының адам ағзасына әсерін зерттеуде

 №3 Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектепт 10-сынып оқушысы Фариза Заманбек бірнеше жылдан бері «Грек жаңғағының адам ағзасына әсері» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жүргізіп келеді.

Оның басты мақсаты жаңғақ ағашының қыр–сырын таныту, оның жемісін адам өмірі үшін пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін ашу. Жас шәкірт жаңғақ дұрыс тамақтанбау салдарынан семіздік, қант диабеті, жүрек аурулары, қалқанша безі аурулары сияқты көп таралған аурулардың емі болатынын айтады.

 

Грек жаңғағының құрамындағы омега 3және 6 май қышқылының 10 пайызы бар және иммунитет, есте сақтау қабілетін жақсартатын, онкоголдік ауруларға және ішек құрт ауруларына ем ретінде тағам болғандықтан грек жаңғағы туралы мағлұматтарды жан-жақты іздендім. Дәрігерлерден кеңес алдым, – дейді Фариза Заманбек.

Оқушының жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Гульзинат Салимбаеваның айтуынша, жобаны тереңірек зерттеу болашақтың еншісінде. Алайда қолжетімді жаңғақ сығындысы ретінде өнім шығарылса, өсіп келе жатқан ұрпақ күнделікті пайдалану нәтижесінде, қатерлі ісік пен жүрек аурулары, қант диабеті қаупін азайтады, артық салмақ тастауға, ақыл-ойды дамытуға жәрдемдеседі. 

– Грек жаңғағы еліміздің оңтүстік өңірінде ғана өсетіндіктен, жобаның маңыздылығы арта түспек. Сабақ барысында оқушылар осындай ғылыми тақырыптарды қатты қызыға зерттейді. Сондықтан, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру әр мұғалімнің басты парызы,-  дейді Гульзинат Салимбаева.

Айта кету керек соңғы жылдары грек жаңғағының пайдасы туралы көп айтылады. Алайда ғылыми тұрғыдан жүргізілген зерттеулер аз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий