Шырайлы Шығыс әлеміне мың тағзым

«Туған елге тағзым – 2022» ғылыми-өлкетану экспедициясы – Өскемен қаласындағы NIS оқушыларына ұмытылмас естеліктер сыйлады. 

Ашылу салтанатында жыл қорытындысында үздік деп танылған «Мұзтау» шаңырағының 48 оқушысы мен 6 жетекшіге маршрут таныстырылып, сәт-сапар тіленді.  

 

Экспедиция Семей өңіріндегі киелі нысандардың бірі – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайынан бастау алды. Бұдан соң, саяхаттанушы топ «Ақ-Бауыр» қола дәуірінің ескерткішіне аттанды. Олардың жолдары болып, нағыз археолог мамандар қазба жұмыстарын қалай жасайтынын өз көздерімен көрді.

Ежелгі астрономиялық зертхана қалдықтарынан әлі күнге дейін ғылымға жаңалықтар ашылып жатқандығы таң қалдырады. Археологтардың жұмыстарын қарау біз үшін өте қызықты болды, – дейді 9-шы сынып оқушысы Әмина Мұқаметхан.

Үшінші күн қаламыздағы ең ерекше мұражай – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығына саяхат сыйлады. Оқушылардың сүйікті жазушысы Оралхан Бөкей мен батыр баба Қасым Қайсеновтің қолданған заттары мен киген киімдері үлкен қызығушылық тудырды.

«Grand fish» және «Агрофирма «Интерпоиск» шаруашылықтары жасөспірімдердің биология пәнінен білімдерін тереңдете түсті.  Форель балығы мен қызыл Калифорниялық құрттарды өсірудің мақсаты мен пайдасы жайлы қызметкерлер тәжірибеде көрсете жүріп, баяндап берді. Ал моторлы салмен өзендегі серуен – ыстық күні салқындық пен сергектік сыйлады.

Экспедиция Александр Пушкин атындағы кітапхана мен ашық аспан астындағы мұражай қорыққа барумен аяқталды.

Экспедициясын әр күні оқушыларға жаңалық ашты, жарқын естелік мен керемет әсер сыйлады. Аймағымыздың мәдени мұрасы жайлы білді, дүниетанымдарын кеңейтті, тарих, география, биология пәндерінен білімдерін жетілдірді, – дейді жетекшілердің бірі, ағылшын тілі мұғалімі Азиза Бекбаева.

Шараның жабылу салтанатында әр қатысушыға сертификат табысталды.

Өскемен қаласындағы NIS баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий