Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі технологияларды қолдану тиімділігі

 Қазіргі уақытта педагогикалық ұжымдар, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымы да тәрбиеленуші балаларды оқытуда инновациялық технологияларды күнделікті оқу қызметінеқарқынды енгізуде.      

Педагогикалық технологиядағы түбегейлі маңызды аспект бұл баланың оқу-тәрбие процесіндегі ұстанымы, ересектердің балаға деген көзқарасы. Әр түрлі жастағы балалардың бір-бірімен үйлесімде әрекеттік бірлестікті ұйымдастыра алуы ескеріліп отыр. Негізгі мақсат – баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Осы жағдайда мектепке дейінгі мекеме мұғалімдерінің негізгі міндеті – балалармен жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен формаларын, жеке тұлғаны дамыту мақсатына оңтайлы, сәйкес келетін инновациялық педагогикалық технологияларды дұрыс таңдау.

  Бүгінгі таңда жүзден астам білім беру технологиялары бар.  Бұлардың түрі көп болғанымен, олардың негізгі қояр талаптары (өлшемдері) бір, олар: тұжырымдамалық, жүйелілік, басқарылуы, тиімділік және репродуктивтілік.  

Ал, осы оқыту жүйесіндегі ең тиімді теxнологияның бірі монтессори. Балабақша тәрбиеленушілерінің толыққанды қабілеттерінің ашылып, тұлғалық қалыптасуын дамыту мақсатында аталмыш технологияның маңызы зор.

 Монтессори жүйесінің бірнеше негізгі тұстарына тоқталсақ:

1. Таңдау еркіндігі. Монтессоридің пікірінше, балаға іс-әрекетті өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру керек. Таңдау жағдайының нәтижесінде: бала өзін тыңдай бастайды, тілектерін және сезімдерін жақсы түсінеді, таңдау жасауды үйренеді;

2. Ол өзінің психикалық белсенділігін реттеуді үйренеді, кез-келген жағдайдың өзгеру сәттерін, оның ұзақтығын дербес анықтайды;

3. Таңдау еркіндігі балада бастаманы қалыптастырады, сол арқылы баланың жауапкершілігі артады.

4. Зейіннің шоғырлануы қалыптасады, логикалық ойлауы жетіледі. Баланың есте сақтау қабілеті нығайып, үлгі бойынша жұмыс істей білу қабілеті қалыптасады.

   Осы ерекшеліктерді көздей отырып, қазіргі уақытта білім тұрғысынан даму стратегиясы балабақша кезінде тәрбиеленуімен тікелей байланысты болып отыр.  Яғни, бұл кезең балаларға сауаттылықтың негізгі мәнін ұғынып, тұлғалану сатысының белгілі бір деңгейіне көтерілуімен анықталады.

Мектепке дейінгі оқытуды ұйымдастыруда сөйлемді дамыту, көркем әдебиет, сенсорика, жаратылыстану, құрастыру, қоршаған орта, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру негізінде білім беремін. Осы аталмыш ғылым фрагменттерін бес сала бойынша оқытуды басшылыққа алуда осы аталған технологиялардың пайдасы мен тиімділігін ескере отырып, орынды қолдануды мақсат етемін.  

Аталған түрлерінен өзге,  оқу қызметін толыққанды қабылдауына түрткі болатын технологиялардың  тағы бір маңызды бөлігі:

денсаулық сақтау технологиялары;
жобалау қызметінің технологиялары;
зерттеу қызметінің технологиясы;
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
тұлғаға бағытталған технологиялар;
мектеп жасына дейінгі және тәрбиеші портфолиосының технологиясы;
ойын технологиясы. 
 

Осы технологияларды шеберлікпен ұйымдастыра білу арқылы балаларды бір-біріне үйретуге, ынтымақтастыққа және көмектесуге шақыра аламыз. Оқу қызметіндегі жаңашылдық арқылы балалар әртүрлі тақырыптар бойынша хабарламалар дайындайды (іздейді, қажетті және қызықты ақпаратты таңдайды) және оларды өз жолдастарына айтады.

Бұл аталған технологиялар баланың озық ойлы, саналы бола отырып, білім беру саласында міндеттелген оқу жүктемесін толық игеруіне жағдай жасайды. Балабақша баласының дәл сол сәтіндегі тәрбиеленуші кезін ғана емес, болашақтағы болар бейнесімен бірге тыңғылықты оқыта алу, оның келер күніне бағам жасау деп білемін. Яғни, баланың кез-келген сәтінде жасына сәйкес сапалы білімді болуын көздеу, оның келешекте кемел тұлға болуына жол ашу. Ұлттық сана серпілісі мен жаңашыл идеяларды тоғыстырған баладан, биікті бағындырар болмыс шығары анық.  

                                             М.С. Нугуманова  

«Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін–өзі тану» балабақшасының тәрбиешісі

                                                                         

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий