Болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту жолдары

Елімізді әлемдегі өркениетті әрі дамыған, бәсекеге қабілетті елдер санатына қосу жолында білім беру жүйесінің алатын орны ерекше.  Осы жағдайда заманға сай кәсіби біліктілігі мол және озық тәжірибелі мамандарды даярлау – негізгі міндеттердің бірі. Білім берудің басым бағыттарының  бірі –  жалпыадамзаттық құндылық қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

 Осы орайда, «Бөбек» орталығының колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша даярланып жатқан  білім алушыларға аталған бағытта жұмыс атқарылуда. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі ұстаз.

 Қазіргі таңда, жаңа технологиялар дамыған сайын, барлық ғылым салаларында адамзаттың мүмкіндіктері артып, келешек ұрпақтың өмірге деген көзқарастары өзгеруде. Әрине,  жас білікті маман даярлауда жаһанда болып жатқан үдерістерді саралап отыруымыз керек. Ал заманауи кәсіби маман, балалардың дамуына, тапқырлық танытуға, зерттеуге, әлемде болып жатқан өзгерістерге бейім болып тәрбиелену керек. Ал, колледжімізде  білім беру жолында білім алушылардың кәсіби шеберліктерін дамытуда мынандай жұмыстар атқарылып жатыр:

  • білім алушылардың кәсіби міндеттерді анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;
  • білім ұйымдарындағы тәжірибе барысында тәжірибе жинақтап, білімдерін жетілдіру;
  • болашақ маманға үздіксіз кәсіби дамуда бағыт-бағдар беру (әсіресе құндылыққа негізделген білім беру аясында).

Білім алушыны кәсіби құзыреттілікке бағыттауда оқытушы студентте қалыптасатын дағдыларды дамыта, болашақ мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді сабақта көрсете отырып  дәріс беруі тиіс. Осы жағдайда қазіргі кезеңде өзекті болып отырған рухани қасиеттерді ұмытпауымыз керек. Казіргі таңда педагог мамандығында оқитын білім алушыларға:

  • сыни тұрғыда ойлай білу;
  • жан-жақты ізденуші, зерттеуші болу;
  • шығармашылық тұрғыда белсенді болу;
  • мақсатқа негізделген тапсырмалар, өз біліміне баға бере алатын рефлексиялық жаттығулар орындай алу;
  • оқушының бойында рухани адамгершілік қасиеттерді дамыту түрлерін меңгеру;
  • оқушы дағдысын ашуға себепкер болатын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі;
  • оқушының алған білімін өмірде, күнделікті тіршілікпен сабақтастыра пайдалана алуға үйрету керек.

Оқытушы болашақ маман иелеріне  мұғалім әр сабағын жүйелі, ұйымдастыра білуі тиіс екендігін түсіндіруі шарт. Тек дұрыс ұйымдастырылған сабақ ғана нәтижелі болады. Мұғалім өзінің шеберлігі арқылы білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын дамыта алады.

 Бастауыш білім беру мамандығының  білім алушыларына ағылшын  тілі мұғалімінің білім беру жолында кездесетін қиыншылықтар мен келеңсіз жағдайларды кәсіби тұрғыдан шеше білу қабілеттерін қалыптастырылады. Мәселен, «Шетел тілі практикумы» пәні, «Education system» тақырыбын өткен кезде білім алушылар ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің білім беру жүйесімен танысумен қатар, бойына тілдік: сөйлеу, тыңдау, айту және жазу дағдыларды қалыптастырады. Білім алушылар ситуациялық жағдайларды зерделей келе, ағылшын тілінде сөздіктегі құзіреттілік ұғымының екі тұрғысын сипаттап, төменгі ортақ шешімге келеді:

1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;

2) танымдық   және   тәжірибелік    іс-әрекеттердің   теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі;

3) егер мұғалім елінің болашағын ойлайтын болса, ол міндетті түрде  ұрпаққа адамгершілік құндылыққа толы тәрбие және сапалы білім береді;

  4) Білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады.

«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады. Студенттерді адагершілік ұстанымы бар, ізгілікті, кәсіби педагог етіп тәрбиелеу – колледж ұстаздарының басым бағыты болып табылады.  

   Кәсіби құзырлылық деңгейіне жеткен маман шығармашылық жұмыс нәтижесінде өзіндік тәжірибесінің ерекшеліктерін көруге, өз тәжірибесінің мақсатқа жетудегі артықшылықтарын, оған жетудің тиімді жолдарын және болжамды нәтижені сипаттап, ұзақ уақыт тиімді де, жоғары нәтижені ұстап тұру мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде заман талабына сай болашақ жаңашыл идеяға толы креативті, білгір мамандар елімізге өсу даму жолында көмектесіп жатыр деген ойдамыз әрі кәміл сенеміз.

Анар ЖУСУПОВА,

«Бөбек» орталығы колледжінің ағылшын тілі оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий