Баскетболдан Жамбыл облысының командасы оқ бойы озық шықты

Тараз қаласында ҚР Білім және Ғылым министірлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1-6 шілдесі аралығында қыздар арасында баскетболдан ХI жазғы гимназиадасы өтті.

№3 мектеп-лицейінің базасында өткізілген аталмыш жарыста 2005-2006 жылдары туған Қазақстан оқушылары бақ сынасты.

Дәлдік пен жылдамдықты талап ететін бұл сайысқа Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының және Шымкент қаласының командалары қатысты.

Жалпы командалық есепте Жамбыл облысы І орынды иеленсе, Қызылорда облысы ІІ-орынды қанжығалады. Ал, ІІІ-орын Шымкент қаласының командасына бұйырды.

 

Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий