Министр Түркістан облысының білім беру мекемелерін аралап, жұмыс қарқынымен танысты

Бүгін ҚР Оқу-ағарту Министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы алты  ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен танысты.

Бұл туралы Министр Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

 

Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ мектептердің біріндегі кітапханашыға «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарып жатқан жұмысы үшін алғысымды айттым. Тағы екі мектепте осы жоба бойынша жұмыс тиісті деңгейде орындалып отырған жоқ. Мектеп басшыларының аттестациядан өту мерзімі өтіп кетсе де, кейбір облыс аудандарында 5 жылдан астам уақыт бойы аттестация өткізілмеген, – деп жазды Министр.

 

 Ол енді осы облыстың басқа да білім беру ұйымдарының жұмыс қарқынымен  таныспақ.

Орынгүл МАХМУД

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий