Халықаралық байқауда топ жарды

2022 жылғы 9 шілдеде Сочи қаласында «Өнер планетасы» Халықаралық фестиваль-байқауы өтті.

Бұл 2011 жылдан бері Ресейдің 10 аймағында өтіп жатқан «Қала өмірі» атты фестиваль ірі жобаларының бірі. Осы уақыт ішінде жобаға Ресейдің әр түкпірінен, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Финляндиядан, Германиядан, Италиядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Шри-Ланкадан, Кувейттен және басқа елдерден 20 мыңнан астам адам қатысты.

«Южное взморье» концерт залының сахнасында Ресей мен Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 700 қатысушы өнер көрсетті. Байқауға 100-ден астам вокалды-хореографиялық нөмірлер, сондай-ақ суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылды.

Мұнда жас вокалистер, бишілер, аспапшылар, цирк және театр ұжымдары өнер көрсетті. Фестивальдің қазылар алқасына көрнекті өнер қайраткерлері, шығармашылық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді, олар қатысушылардың жетістіктерін бағалап қана қоймай, шығармашылық жолын жалғастыру бойынша ұсыныстар берді.

Аталмыш ән додасында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Свет звезды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері өнер көрсеттіп, еліміздің намысын қорғады.


Байқаудың бас жүлдесін Күмісбек Медина “Желдірме” әнімен, Цечоева Лейла “I will always love you”, Жукина Айлана “Арманға сенемін” әнімен жеңіп алды.

Ал, 1 орынды – Күмісбек Медина мен Цечоева Лейла дуэті “Tell him”, Жукина Айлана мен Рудницкий Климентий дуэті – “Все хотят сиять”, Плитко Марина – “Jar of hearts” әндерімен өзара бөліссе, 2 орын Рудницкий Климентийге “Синяя вечность”, Амангелді Айданаға -“Мама” әндерін шебер орындағаны үшін, ал, 3 орын – Даутбеков Эмильге  “l ‘ italiano” әнін орындағаны үшін берілді. 

 

 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий