NIS қоржыны «Туймаададағы» жаңа жетістіктермен толықты

Жаңа жетістікке жеткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрама командасы құттықтаулар қабылдауда. Жазғы демалыста жас математиктер мен химиктер, информатиктер мен физиктер NIS қоржынын алтын, күміс және қола медальдармен толықтырды.

«Туймаада» олимпиадасында Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Еңлік Бақытбекова мен Семейдегі NIS оқушысы Шыңғыс Тоқанов химия пәнінен жеңімпаздар деп танылды. Павлодарлық зияткерлер Тамила Рахимбаева мен Альмира Нұрланова, Оралдағы NIS-тен Рейчел Жоламан және Көкшетаудағы Зияткерлік мектептен Әсел Жиенғалиева күміс жүлдені еншіледі.

Математика пәнінен Павлодардағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов пен алматылық физика-математика бағытындағы мектептен қатысқан Альмира Кенбаева беделді олимпиаданың күміс медальдарымен марапатталды.

Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп атынан Айдана Айтөре мен Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Артур Николаенко физикадан қола жүлдені иеленді.

Елордадағы физика-математика бағытындағы мектептен Альтаир Ашуров информатика пәнінен күміс медаль иегері атанса, Талдықорғандағы NIS оқушысы Нұрсұлтан Ерланұлына қола жүлде бұйырды.

Беделді «Туймаада» олимпиадасы «Yakutia International Science Games-2022» халықаралық зияткерлік ойындары аясында қашықтан ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде ТМД елдерінің математика, физика, химия, информатика пәндерінен ең мықты оқушылардың басын қосты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий