STEAM саласында стратегиялық сессия өтті
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР білім минстрлігі өкілдері Сaravan of Knowledge, “Шеврон” компаниясымен білім және STEAM саласындағы сарапшылармен бірлесіп “Қазақстандағы STEAM-білім беруді дамытудың Жол картасын” — елдегі STEAM-білім беруді енгізуге, дамытуға және қолдауға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар мен стратегия кешенін талқылады.

Қатысушылар “Жол картасының” аралық қорытындыларын таныстырып, стратегияны және жалпы STEAM – білім беруді дамытудың сын-тегеуріндері мен векторларын талқылады.

– Мұнда біз білім беру саласындағы негізгі трендтер мен жаңа сұраулар жөнінде ақпараттарды меңгердік. Қызықты ақпарға толы болды, – дейді аталмыш сессияға қатысқан Әдістемелік орталық әдіскері Анаргүл Абатқызы.
Жиында STEAM білім беруді дамыту жобасының Қазақстанның экономикалық дамуының жаһандық үдерістеріндегі рөлі мен орны, жобаны дамытудың әлеуетті мүмкіндіктерін кешенді көп фокустық сараптау секілді тақырыптар да қамтылды.
Атырау облыстық білім беру басқармасы
әдістемелік орталығының баспасөз қызметі
Загрузка...