Педагогикалық шеберлік орталығы алаңында «Bilimkana» ұстаздары бас қосты

Қырғызстанға танымал «Bilimkana» мектеп желісінің мұғалімдері бүгін Педагогикалық шеберлік орталығы алаңына жиналды. Жазғы семинар заманауи білім берудегі ең сұранысқа ие басымдықтардың бірі – Lesson study тақырыбына арналды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова шетелдік әріптестерін он төрт жыл ішінде мыңдаған қазақстандық бала үшін әлеуметтік лифтке айналған NIS жүйесімен таныстырды: оқу жоспары, сыртқы бағалау мен халықаралық аккредиттеу, академиялық жетістіктер мен бейімді оқыту, әлеуметтік жобалар мен элективті курстар, стратегиялық серіктестер және Зияткерлік мектептердің басқа да табыстары мен ерекшеліктері.

Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова NIS құрылымымен, Орталықтардың жетістіктері және миссиясымен, сондай-ақ еліміздегі педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жүйелі жұмыстар жайында айтып берді.

«Bilimkana» мұғалімдеріне арналған жазғы мектептің кестесінде «Lesson study» кезеңдері, мәселелерді тізбектеу және зерттеуді модельдеу, кәсіби өсу бағыттары және басқа да өзекті мәселелер қамтылған.

Қазақстан астанасына алғаш рет келген қырғызстандық әріптестер үшін үлкен мәдени бағдарлама – Нұр-Сұлтан қаласының басты көрікті жерлерін аралату жоспарланған.

 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий